Итоговая аттестация

Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау — тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

28 мамыр мен 09 маусым аралығында 9-кластарда қорытынды бітіру емтихандары, 11-класта мемлекеттік бітіру емтихандары өтті. Емтиханға барлығы 136 оқушы жіберілді.

9-кластарда міндетті 3 пәннен және бір таңдау пәнінен, 11-класта 4 міндетті пәндерден және бір таңдау пәнінен жазбаша, ауызша емтихандар түрінде белгіленді. Атап айтсақ,  9 «А», «Ә», «Б» кластары (қазақ тілінде оқытылатын) ана тілі мен әдебиетінен диктант, математикадан бақылау жұмысы, орыс тілінен ауызша ( билет бойынша) және география, Қазақстан тарихы (таңдау пәні) ауызша түрінде тапсырды.  9 «В» класына (орыс тілінде оқытылатын) ана тілі мен әдебиетінен және математикадан жазбаша түрде, қазақ тілі мен  физика (таңдау пәні) ауызша түрінде белгіленді.  11 «А», «Ә» кластар ана тілі мен әдебиеті ауызша (эссе),  алгебра және анализ бастамалары жазбаша (бақылау жұмысы), Қазақстан тарихы  ауызша ( билет бойынша), орыс тілінен ауызша (тест) және таңдау пәндерінен тест түрінде тапсырды. 9-сынып білім алушыларына емтихан жұмыстарының материалдарын облыстық білім басқармасы, 11-сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дайындаған пакеттері уақытында мектепке жеткізілді. Әр пәннен материал емтихан болатын күні Комиссия мүшелері, оқушы, ата-ана өкілдерінің қатысуымен ашылып, актіленді.

2017-2018 оқу жылының аяғында 9-кластар бойынша барлығы 89 түлек, оның 5-еуі «Үздік аттестатқа» үміткер, 11- класта 50 түлек болса, оның 6-уы «Алтын белгі» аттестатына, 2 түлек «Үздік» аттестатқа үміткерлер. Сонымен қатар, қорытынды аттестатттаудан педкеңестің шешімімен денсаулығына байланысты 3 оқушы босатылды.

Барлық пәндер бойынша оқушылар өз деңгейінде дайындалған, жылдық бағаларына сәйкес бағаларын ақтап шықты. «Үздік» аттестатқа үміткер 5 оқушы емтихандарды «үздік» тапсырып, өте жақсы нәтиже көрсетті.

Мектеп бітіруші 11-класс түлектері де емтиханды ойдағыдай тапсырып, жылдық бағаларын қорғап, растап шықты. «Алтын белгі», «Үздік» аттестатына үміткерлер барлық емтихандарда жоғары нәтиже көрсетті.

Емтихандарды ұйымдастыру және өткізу барысында ешқандай кемшіліктер орын алған жоқ.  Емтихандар уақытында, Министрліктің белгіленген күндері кесте бойынша өтті. Ыңғайлы, жарық, кең кабинеттер, қажетті техникалық құралдар, көрнекіліктермен қамтамасыз етілді.

Қорытынды аттестаттау   — оқушылардың алған білімдерін тағы бір сараптау, жылдық бағаларын дәлелдеу, немесе емтиханға дайындалу нәтижесінде белгілі бір себептермен игерілмей қалған тақырыптарды оқып-үйренуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, емтихан оқушыларды жыл соңында аттестаттаудың маңыздылығын, оған жауапкершілікпен қатысуды жүктейді.

Садыкова Б.Х.  — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары