МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ІС ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

Бүгін, 6 наурыз күні, «Мектеп және қамқоршылық кеңестің өзара тиімді іс әрекеттестігі» тақырыбында қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қамқоршылық кеңес отырысының мақсаты қамқоршылық кеңес пен мектеп әкімішілігі бірлесе жұмыс жүргізе отырып, мектептің даму жағдайын қадағалау және мектептің оңтайлы дамуына қажетті шешімдерді қабылдау болып табылады. Осы орайда бүгінгі отырыстың күн тәртібінде 2019-2020 оқу жылында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылармен және күн көрісі төмен отбасынан шыққан оқушылармен жүргізілген жұмыс туралы, 2019-2020 оқу жылы бойынша мектепте қосымша ақылы білім беру қызметінің жүргізілу барысы туралы, құқықбұзушылыққа бейім жасөспірімдермен жүргізілген жұмыс туралы, мектеп асханасының жұмысы туралы мәселелер қаралып, қамқоршылық кеңес мүшелері арасында кеңінен талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылып, тиімді шешімдер қабылданды.