1-4 кластарға арналған «Қысқы ертегі» атты сурет байқауы

  Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз.Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар.Соныі ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен,қаhарлы мінезімен,сықырлаған аязымен ерекше.Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын,ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қолдарына шана сүйреген балалар,жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейнебір қыстың суығын емес,оның жылы нұрын,ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Осының барлығын көздерімен көрген әдемі бейнелерін,қызықтарын қағаз бетіне бейнелеу мақсатында 1-4 кластар арасында метепішілк сурет байқауы өтті.