«Өнерімді еліме арнаймын» атты жергілікті ақынмен кездесу кеші

    Оқушыларды Мұғалжарлық ақын Ибраев Нұрбол Ерболұлының шығармашылығымен таныстырып,кіші буын жастарға патриоттық рух беріп,адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына,тілге,отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Осыған орай мектебімізде  «Кітап-білімнің түпсіз аспаны,терең бастауы» атты марафонының «Өнерімді еліме арнаймын» айдары аясында,жергілікті Мұғалжарлық ақын  Ибраев Нұрбол Ерболұлыме кездесу кеші болып өтті. Мұғалжарлық ақын Нұрбол Ерболұлы мектебіміздің оқушыларымен кездесіп,сұхбат құрды,ақынның өлеңдері оқылып,сөзіне жазылған әндері орындалды.Мектеп әкімшілігі естелік сыйлықтар табыс етіп, кеш қонағы болғаны үшін алғысын білдірді.