ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ

Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» өнер мен білім байқауына мектебіміздің оқушылары да қатысып, нәтижесінде:
🏆 9 «Ғ» класс оқушысы Серікқалиев Расул — Бас жүлде, 🏆9 «В» класс оқушысы Жанұзақова Нарқыз — Бас жүлде және 🏆5 «Қ» класс оқушысы Қыстаубай Ислам — І орынға ие болды. Конкурс шарты бойынша, «Бас жүлде» және «І орын» алған оқушылар маусым айында өтетін суперфиналға жолдама ұтып алды. Өнерлі оқушыларды бәйгеге қосқан мектебіміздің үлгілі ұстазы Д.Орынбасарқызы үздік шәкірт дайындағаны үшін, арнайы дипломмен марапатталды. Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!