Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

2020 жылдың 3-12 ақпан «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында №60 жалпы білім беретін орта мектептің көркем өнер-эстетикалық және өзін-өзі тану пәні бірлестігінің онкүндік апталығы өз мәресіне жетті. Онкүндіктің жабылу салтанаты 2 бөлімнен тұрды. I бөлім — Мектебіміздегі «Серпін» домбырашылар үйірмесінің есеп беру концертімен басталса, II бөлім — онкүндік апталықтың жабылуы салтанатымен жалғасын тапты. Осы орайда өткізілген іс-шарамызға қонақ ретінде Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филормониясының дәстүрлі әншісі термеші Абдірова Ғазиза Алпысбайқызы келді. Салтанатты шарамыздың қонағы өзінің жүрек жарды тілегімен, өзінің өнерін көрсетті. Және де қалалық білім бөлімінің әдіскері Роза Жумабековна да кеш қонағы болды.» Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында іс-шараларға ат салысып, өнер көрсетіп, ұйымдастырылған байқауларға қатысып, көзге түскен және де қайырымдылық акциясына қатысып, өздерінің жұмыстарымен көрініп, белсене қатысқаны үшін мектеп білім алушыларын марапаттау шарасымен салтанатты кешіміз өз мәресіне жетті.