Жаңартылған білім беру аясында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау, жиынтық бағалау кезінде критерийлер қоя білу, оқушыларды өзін—өзі бағалауаға үйрету, топтық жұмыстарды ұйымдастыру

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәжірибелі мұғалімдермен тәжірибе алмасу, сабақ мақсатына тиімді жетуде меңгертудің жолдары туралы математика, физика және информатика пәндерінің кафедра отырысында талқыланды. Отырыс барысында «Жаңартылған білім беру аясында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау, жиынтық бағалау кезінде критерийлер қоя білу, оқушыларды өзін—өзі бағалауаға үйрету, топтық жұмыстарды ұйымдастыру» секілді сұрақтар талқыланды.