Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар өте көп. Ұйымдастырылған шаралардың ішіндегі ерекше мақсаттағы — осы киімдер дефилесі. 7-сынып қыз балалары арасында ұйымдастырылған бұл шараға 7 «ә», «б», «ғ», «ж» класының қыз балалары белсене қатысып, өздерінің ерекше талғамды киімдерімен көзге түсті. Әр оқушы өзіне берілген таасырманы жауапкершілікпен орындап, сәнді талғамдары мен әдеміліктерін көрсетті. Бұндай ұйымдастырылған шаралар оқушылардың жауапкершілігін, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Дефилені ұйымдастырушылар: көркем еңбек пәні мұғалімдері.