Бүгінгі білімді ұрпақ –ертеңгі болашақ

3 кластар апталығы

      №60 жалпы білім беретін орта мектептегі әдістемелік жұмыс жоспары бойынша 2019 жылдың 20 – 25 қаңтар  аралығында   3  кластарға арналған «Бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ» тақырыбымен апталық өткізілді. Аталған апталық оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын  ұйымдастыруға және  заман талабына сай  жаңа сабақ тақырыптарын меңгере білуге жол табуға арналды.

Апталық мақсаты:

  • Оқушылардың функционалды сауаттылығын жаңартылған білім беру мазмұны аясында арттыру, алған білімдерін дамыта түсу;
  • Мұғалімдердің іс тәжірибесін облыс, республика көлемінде тарату, өзара іс тәжірибес алмасуын жандандыру.

Апталық міндеттері:

  • Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыра түсу;
  • Сыныптан тыс іс – шаралар мен бастауыш класс пән сабақтарын түрлендіре отырып өткізу;
  • Оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын тереңдету, қызығушылығын ояту, ой-өрісін дамыта түсуге;
  • Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, танымдық белсенділігін дамыта түсу.

Бастауыш кластарға арналған апталық жоспары (3 кластар)

Дүйсенбі. 20 қаңтар   

Тақырыбы Өту уақыты

Класы

Жауапты
1 «Бүгінгі білімді ұрпақ –ертеңгі болашақ»  апталықтың ашылу кеші 14:30-15:30

3 кластар

Қоздай М.

Умралина А.

2 Математика  пәнінен ашық сабақ  —  

«Құрылымы күрделі теңдеулер»

16:30 – 17:10

3 «Е» класс

Мырзагарина Н.
3 Сыныптан тыс іс-шара — «Шебер қолдар» 14:30 – 15:30 Қасым А.

Куштаева Ж.

Берекетова Қ.

 

Сейсенбі. 21 қаңтар  

Тақырыбы Өту уақыты  

Класы

Жауапты
1 Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ  —   «Негізгі және туынды зат есім» 15:40-16:20

3 «М» класс

Нұғман А.
2 Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ  —   «Күй құдіреті» 16:30 – 17:10

3 «Д» класс

Мәндібаева Л.
3 Математика  пәнінен ашық сабақ  — 

«Құрылымы күрделі теңдеулер»

17:15– 17:55

3 «К» класс

Биманова В.

Сәрсенбі. 22 қаңтар 

Тақырыбы Өту уақыты  Жауапты
1 Открытый урок по познаний  мира — «Символы моей страны» 16:30 – 17:10

3 «З» класс

Жанаева А.
2 Дүниетану пәнінен ашық сабақ  —   «Менің елімнің нышандары» 17:15– 17:55

3 «Г» класс

Алишева Э.
3 Интеллектуальная  игра  —

«Счастливый случай»

11:00 – 12:00

3 «Ж», «З», «И» класс

Мангубаева Т.

Умралина А.

Жанаева А.А.

4 «Жаңа білімге заманауи көзқарас» кофе-брейк 14:30 – 15:30 Конарова Г.

Биманова В.

Нұғман А.

 

Бейсенбі. 23 қаңтар 

Тақырыбы Өту уақыты  Жауапты
1 Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ  —   «Күй құдіреті» 15:40-16:20

3 «О» класс

Қасым А.
2 Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ  —   «Күй құдіреті» 16:30 – 17:10

3 «Н» класс

Берекетова Қ.
3 Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ  —  

«Егін шаруашылығы қалай өзгереді»

17:15– 17:55

3 «В» класс

Бибитова Н.
4 «Умники и умницы» 14:30 – 15:30

3 «Ж, З, И» класс

Мангубаева Т.

Умралина А.

Жанаева А.А.

5 «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу сайысы 14:30 – 15:30

3 қазақ кластары

Карибаева Р.

Бибитова Н.

 

Жұма. 24 қаңтар 

Тақырыбы Өту уақыты  Жауапты
1 Математика  пәнінен ашық сабақ  —  «Есептеу. Қорытындылау» 15:40-16:20

3 «Ғ» класс

Қоздай М.
2 Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ  —   «Негізгі және туынды зат есім» 16:30 – 17:10

3 «А» класс

Карибаева Р.
3 Открытый урок по русскому языку – «Род и число имён существительных» 17:15– 17:55

3 «И» класс

Умралина А.
4 «Алтын қақпа» танымдық сайыс 14:30 – 15:30

3 қазақ кластары

Мәндібаева Л. Мырзагарина Н.

 

Сенбі. 25 қаңтар 

Тақырыбы Өту уақыты  Жауапты
1 Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ  —   «Қандай топырақ құнарлы?» 09:35 – 10:15

3 «Ә» класс

Конарова Г.
  Открытый урок по литературному чтению – И. Крылов «Квартет» 15:40-16:20

3 «Ж» класс

Мангубаева Т.
2 «Бүгінгі білімді ұрпақ –ертеңгі болашақ» — апталық қорытындысы 14:30-15:30

3 кластар

Алишева Э.М. Жанаева А.А.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. «Бүгінгі білімді ұрпақ –ертеңгі болашақ»  апталығында жоспарланған  іс-шаралар уақытында, талапқа  сай өткізілді. Оқушылар әр түрлі пәндерден жақсы білімдерін көрсетті, өздерінің білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білді, бір-біріне қолғабыстарын  тигізді, күрделі сұрақтардың  қиын жауаптарын тапты.

2019-2020 оқу жылының 20 қаңтар күні 3-кластарға арналған «Бүгінгі білімді ұрпақ –ертеңгі болашақ» тақырыбында 20-25 қаңтар аралығында өтетін апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Оқушылар апталық аясында өткізілетін түрлі ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың жоспарымен таныстырылды. Апталықтың ашылу салтанатына А. Умралина  мен М.Қоздай жауапты болды. Жиынға 3-4 сынып оқушылары ат салысып қатысты. Оқушыларға әртүрлі қызықты тапсырмалар жасырылып, тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындай білді. Сонымен қатар оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Бастауыш кластар бірлестігінің орынбасары Селбаева Жадра Мамыртаевна оқушыларды апталықтың ашылу салтанатымен құттықтап, апталықтағы іс шараларға белсене қатысу керек еккенін айтып өтті.

4

 

Дүйсенбі. 20 қаңтар 3 «Е» класында математика пәнінен  «Құрылымы күрделі теңдеу» тақырыбында ашық сабақ  өткізілді. Жауапты: Мырзагарина Н. Мақсаты: Құрылымы күрделі тендерлерді ықшамдау арқылы шығаруға дағдыланлыру.

Сабақ  психологиялық дайындықпен басталды. Сиқырлы сандықшаларды ашу арқылы ұлы адамдардың сөздерін оқу, кәдесыйға ие болу. Өткенге шолу мақсатында Кубизм әдісі бойынша топтарға сұрақтар беріліп, жауап берді. Көбейту мен бөлуді еске тусіріп, ауызша есептеулер жүргізілді. Тақырыптың ашу үшін «Ия ма, Жоқ па? » әдісін қолданып жаңа тақырып ашылды. Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу жолы ықшамдап шығару керек екендігі түсіндірілді.  Топпен жұмыс, дәптермен жұмыс, жеке жүмыс турлерін қолданылды. Сергіту сәтінде «Кім шапшаң» ойыны ойналды. Оқушылар постер қорғап, сабақты түсінгендіктері туралы айтты. Кері  байланыс өнегелі сөздер «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым» боймызға дарыту,  кімнің сөзі екені анықталды. Абай Құнанбаев туралы мәлімет берілді. Қорытындысында,  оқушыларда құрылымы күрделі теңдеулерді шешу, көбейту мен бөлуге байланысты түсінік қалыптасты.

Сонымен қатар, Берекетова Қ.С мен Қасым А.С. ұйымдастыруымен «Шебердің қолы ортақ» сайысы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды өнерді сүйе білуге, бағалай білуге үйрету, баулу. Сайыстың қатысушыларына төмендегідей талаптар қойылды.

  1. Әр кластан ауқымды қолөнер туындысы (кез келген материалдан)
  2. Тақырыбы болуы (еркін тақырыпта)
  3. Эстетикалық талапқа сай болу
  4. Бұйымның таныстырылуы.

Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар мен жеңімпаздарды  мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сейсенбі, 21 қаңтар күні, жоспар бойынша қазақ тілі пәнінен «Негізгі және туынды зат есім» тақырыбында 3 «М» класында, Нұғман А. ашық сабақ өткізді.

3 «Д» класында Әдебиеттік оқу пәнінен —  «Күй құдіреті» тақырыбында  Л.Мәндібаева ашық сабақ  өткізді. Мақсаты: Күйдің құдіреті, күйді тыңдағандағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс әрекетін болжау, күйдің құдіреттілігін аңғару. Сабақ  психологиялық дайындықпен басталды. Тақырыпты ашу үшін  «Ақсақ құлан» мультфильмінен үзінді көрсетілді .«Мен қандаймын? »,  « Сұрақ-жауап», «Ойлан,тап!» және жаңа  сабақты  бекіту мақсатында «Сыңарын тап!» әдіс-тәсілдерін пайдаланылды. Сергіту сәтінде тақырып күйге байланысты болғандықтан  сынып оқушысы  «Салкүрең» күйін орындап  берді. Кері  байланыс «Ноталар тізбегі» арқылы алынды. Қорытындысында,  оқушыларда  күйдің  құдіреті туралы түсінік қалыптасты.

  Сонымен қатар,  3 «К» класында  Биманова В.  математика  пәнінен «Құрылымы күрделі теңдеулер» ашық сабақ өткізді. 

Сабақтың мақсаты: 3.2.2.2 2 көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23 х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді, құрылымы күрделі х  (25:5)=60; (24 3):х=6;х: (17 2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

Сабақтың түрі саяхат сабағы болды. Сабақта, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды.

Жеті атаға саяхат жасай отырып оқушыларды жеті атасын білуге жетелеп, жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі — әдіс тәсілдермен, ойындар өткізілді. Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде үйлесім болды.  Әдіс – тәсілдерді таңдау себептері түсіндірілді.                Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, есімдіктен өткенді қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды.Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері жүзеге асты.

Сәрсенбі, 22 қаңтар күні, жоспар бойынша орыс кластарына араналған «Счастливый случай» интеллектуалды ойын-сайысы өтті. Жауапты: Мангубаева Т.Умралина А.

Интеллектуальная игра «Счастливый случай»

  • Цели: Развивать кругозор учащихся, их интеллектуальные способности, логику, мышление, внимание.
  • Стимулировать через игру познавательный интерес учащихся.
  • Развивать умение работать в команде, умение слушать и слышать мнение другого человека.

Формы работы: коллективная. Организационный момент.

“Своя игра” — излюбленная игра и младших, и старших школьников.

Главная цель — ответить на вопросы и набрать большее количество балов.

В эту игру играет 3 команды. Игровое поле — одно для всех команд. Команды получают игровое поле с темами и ценой вопроса (с увеличением цены вопроса увеличивается и сложность задания). В ходе игры дети показали свои знания по окружающей среде. Развивали такие качества как логика мышления, внимание воображения, мыслительная деятельность и интеллектуальные способности.

Жоспар бойынша, Конарова Г., Биманова В., Нұғман А. «Жаңа білімге заманауи көзқарас» тақырыбында кофе-брейк өткізді. 

Мақсаты:

  1. Әріптестермен жаңа әдіс тәсілдер бойынша кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс-тәсілдерге көзқарастарын көру. 
  2. Заман талаптарының күшеюі туралы ой қозғау.
  3. Оқытудың жаңа әдістеріне қатысты іс-тәжірибемен бөлісу.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер түрлі қолжетімді ресурстар арқылы тиімді әдіс-тәсілдермен таныса отырып, тәжірибелерінде қолданады.

 

Бейсенбі, 23 қаңтар күні, жоспар бойынша, 3 «О» класында әдебиеттік оқу пәнінен «Сурет салу — өнер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Класс жетекшісі: Қасым А.С. Оқу мақсаттары 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу Сабақ мақсаттары: барлық оқушылар: шығарманы іштей саналы түрде түсініп оқиды. Көпшілік оқушылар: көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді.  

Берекетова Қ.  3 «Н» класында  Әдебиеттік оқу пәнінен «Күй құдіреті» тақырыбында ашық сабақ өқткізді. Сабақ мақсаты: шығарманы іштей саналы түрде түсініп оқиды, көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып, өз ойын жеткізеді, шығармаға байланысты қажетті ақпаратты тауып, көркем оймен жалғастырады.

    Сабақ  психологиялық дайындықпен басталды. Өткенге шолу мақсатында «Ыстық орындық» әдісі бойынша топтарға сұрақтар беріліп, жауап берді. Тақырыптың ашу үшін «СтопМуз» әдісін қолданып жаңа тақырып ашылды.Тақырып ашылғанан кейін шертпелі аспаптар туралы ақпараттар айтылып, бұрыңғы замандағы күйшілер туралы айтылды. Топпен жұмыс, даптермен жұмыс, жеке жүмыс турлерін қолданды. Сергіту сәтінде «Жұптас» ойыны ойналды. Барлық оқушылар постер қорғап, сабақты түсінгендіктері туралы айтты. Күйші туралы мағұлмат берілді. Кері  байланыс өнегелі сөздер « Нота сыры» атты әдіс арқылы кері байланыс алынды. Қорытындысында,  заманауи және бұрыңғы замандағы күйшілерді туралы ақпарат беріліп таныстырылды.

   Сонымен қатар, жоспар бойынша, 3 «В» класында Бибитова Н. жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы: «Топырақтың қандай қасиеті бар?»  Сабақтың мақсаты: 3.3.4.3 топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау; Оқушылар алдымен топырақтың түрлеріне қарай топұа бөлінді.Сабақтың тақырыбы пазл құрастыру мен бейне материалды көру арқылы ашылды.Сабақта «Фишбоун» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізіліп, топырақтың қандай қасиеттері бар екенін айтты. Келесі тапсырмада оқушылар тәжірибе көрсетті.Тәжірибеде топрақтың түрлерін салыстырып, олардың қасиеттерін атады.Топырақтың құрамы зерттелді, құрамында қара шірік, түрлі өсімдік, жануарлардың қалдығы бар екенін анықтады. Оқушылар жауын-шашын көп жауатын жерлерде топырақтың бетіндегі құнарлығын шайып кететіндігін айтып, тәжірибеде көрсетті. Орындалған тапсырма сайын оқушылар «үш шапалақ»  әдісі арқылы бағаланып отырды. Дәптермен жұмыс орындалды. Қорыту барысында «Жедел жауап әдісі» арқылы оқушыларға сұрақ қойылып, сабақ қортыланды. Сабаққа белсенді қатысқан топтарға житон арқылы әр топ бағаланды. Кері байланыста оқушылар алдарындағы шелек суреттерін сабақты қаншалықты түсінгендері жайында айтты.

Карибаева Р. мен Бибитова Н. ұйымдастыруымен өткен «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті.

            Мақсаты: Абай шығармаларын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлату; Ғұлама ақынның мұрасын, нақыл сөздерін, өлеңдерін насихаттау, таныстыру, мәнерлеп айтқызу; Көркем сөйлеуге, шығармашылыққа ынтасын арттыра түсу

Сайыс барысында барлық 3 класынан оқушылар Абай өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп айта білді. Сонымен қатар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы танысып, білді, видео көрді. Кеш қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздармпен марапатталды.

Жұма. 24 қаңтар күні, жоспар бойынша, Қоздай М. 3 «Ғ» класында Математика  пәнінен ашық сабақ  —  «Есептеу. Қорытындылау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқу мақсаттары: 3.2.2.2 көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешу; құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6;  х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау. 3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Сабақ мақсатына жету үшін, мұғалім сабақты тренингпен бастады. Оркестр бұрышы ұйымдастырылды. Сол арқылы оқушылар назары сабаққа аударылды. Музыкаға қатысты сұрақтар қою арқылы топқа бөлінді. Сабақ барысында жұппен, топпен жұмыстар ұйымдастырылып, есептер шығарылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.

 

3 «А» класында Карибаева И.А. қазақ тілі пәнінен «Негізгі және туынды зат есім»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:3.4.2.3 сөйлемнен зат есімді табу;  3.4.2.4 негізгі, туынды зат есімді анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; 3.1.3.1  мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу

Сабақ барысы психологиялық тренинг жүргізіліп, оқушылар топтарға бөлінді. Суреттер бойынша  мәтін мазмұнын болжап сөйлемдер құрады.  Берілген мәтінді оқыды. Өздерінің болжап құраған мәтіндерімен салыстырды. Ақтөбе қаласындағы ескерткіштер туралы айтты. Мәтіннен негізгі және туынды зат есімдерді тауып, теріп жазды. Сонымен қатар оқушымен жеке жұмыс жүргізілді. Жұптық жұмыс ойын түрінде, сергіту жаттығуы ретінде «Жұбыңды тап» ойыны ретінде өткізілді.Топтық жұмыс ретінде 29-жаттығу орындалды. Ағасына қарындасының хат жазуын әр топ толықтырып постер қорғады. Қол моторикасын дамыту мақсатында әр топ ермексазбен  мүсін жасады. Топ басшылары стикермен бағалады. Мұғалім әр топқа қалаларға жолдама беру арқылы бағалады. Сабақ өз деңгейінде өтті.

3 «И» классе по русскому языку был проведен открытый урок на тему «Музыка — язык души. Род имен существительных». Учитель: Умралина А.Т.

Цель урока:  определять род, число, падеж имен существительных и правильно употреблять их в речи, повторить о написании Ь после шипящих у существительных женского рода. Развивать у учащихся навык исследовательской работы и развитие творческих способностей. На уроке были использованы интерактиные формы обучения: работа в паре, в группе. Учащиеся провели исследование, какую музыку слушают ученики класса, подготовили пословицы и загадки о музыке. На уроке были даны сведения о симфоническом оркестре, учащиеся познакомились с казахским оркестром  им. Курмангазы и Актюбинской областной филармонией. Были даны сведения о великих композиторах А.Жубанове, Г.Жубановой. Дети закрепили навыки определения рода имен существительных и написали синквейн на тему музыка. Урок прошел на должном уровне, все учащиеся активно работали на уроке.

        Апталық жоспары бойынша 24 қаңтар күні  Мәндібаева Л. Мырзагарина Н. -дің үйымдастыруымен «Алтын қақпа» танымдық сайысы өтті. Сайыс мақсаты: Оқушылардың ой — өрісін кеңейту; Ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту; Өз ойын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдай білуге баулу; Тіл байлығын молайту; Ұжым намысын қорғауға ізденушілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу;

Сайысқа қатысушыларды үш топқа бөлініп, үш кезең бойынша сайысқа түсті.Әр кезеңнің  үш тапсырмасы бар, мұнда кездесетін тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптардан келді.Мысалы: «Айналадағы әлеммен танысу», «Логикалық есептер», «Салт – дәстүр», «Мақал – мәтелдер», «Жұмбақтар».

    Сайыс соңында өте жақсы шабытпен қатысқан топтар аталып,оқушылар мадақтамалармен марапатталды.Сайыс өз деңгейінде өтті.

Сенбі. 25 қаңтар  күні,  Конарова Г. 3 «Ә» класында Жаратылыстану пәнінен «Қандай топырақ құнарлы?» тақырыбындағы ашық сабақ  өткізді.  Оқу мақсаты: 3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу;  3.1.2.4 жүргізілген  Тәжірибе  нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау. Сабақтың мақсаты:         оқушылар:

топырақтың құнарлылығы оның құрамына байланысты екенін түсінеді; Тәжірибе жасап,  қорытындысын диаграмма түрінде көрсетеді; Бағалау критерий: Тәжірибе сұрағы және болжамы, болжамының сәйкестігіне қарай бағалау, Барлық топ мүшелерінің ұйымдаса жұмыс жасауын бағалау. «Аралас. Жұптас. Пікірлес» әдісі қолданылды. Мақсаты: Өткен сабақты еске түсіру. «Зертте» әдісі: Өрік ағашын отырғызу үшін қандай топырақ қолайлы? сұрағына жауап іздеуге бағыт берілді. Оқушылар оқулықтағы кесте бойынша топта жұмыс жасады.  Кестеде берілген  ақпараттарға талдау жасады. «Топырақ және адам»- Топтық жұмыс. Әр топ топырақ түріне қарай топтастыру жұмысын жүргізді. «Тәжірибе», топырақ құнарлылығын арттыру үшін не жасау қажет? — оқушылар топырақпен тәжірибе жұмысын жасады. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынды: сабақ барысында алған өсімдіктерін (житон) топырақтарға орналастыру:

Қаратопырақ – бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл күйім көтеріңкі.

Сазтопырақ – мен тапсырма- ны орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.

Сортопырақ – мен тапсырманы жартылай орындай алдым, көңіл күйім орташа.

25 января 3 Ж классе проведен открытый урок по русской литературе.

Тема: И. Крылов «Квартет». Учитель: Мангубаева Т.  Цель: 3.1.5.1 строить высказывание для объяснения своих идей, чувств, мыслей, используя художественно-выразительные средства

3.2.7.1 сравнивать чувства, поведение главных героев в различных ситуациях

3.3.3.1 писать творческие работы в форме постера/проекта/ рекламы/ заметки/ презентации.

Методы и приемы обучения: Приемы «Ассоциативный ряд», «Инсерт», работа с терминами, «Составь кластер» (парная работа).

На первом этапе уроке использовала психологический настрой.

Введение урока является видеопрезентация в котором дети познакомились с басней.

Работа в группах.

1 гр – Подберите пословицы к данной басне.

2 гр – Синквейн мораль

3 гр – Кластер биография Крылова.

4 гр – Чтение по ролям.

5 гр – Нарисовать героя басни Соловья и проанализировать мотив его поступка

Словарная работа. Чтение произведения

Работа с учебником:

Прием «Инсерт» чтение с пометками.

Работа с терминами:

Работа в парах закрепление к уроку.

Урок цели достиг, структура урока соблюдена, дети активно участвовали во всех этапах урока.

Сонымен қатар «Бүгінгі білімді ұрпақ –ертеңгі болашақ» — апталық қорытындысы Э.М.Алишева және А.Умралинаның ұйымдастыруымен өтті. Кеш барысында апталыққа қорытынды жасалып, сонымен қатар түрлі тапсырмалар орындалып, жұмбақтар шешімі табылды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтар алды.

      Әдістемелік бірлестіктің отырысында бастауыш сынып мұғалімдері өздері өткізген іс-шарасына өз талдауларын жасады, басқа мұғалімдердің берген  бағаларын тыңдады. Апталық қорытындысын шығара отырып, №60 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері жоғары жұмыс көрсеткіштерін көрсетті деп сенімді түрде айтуға болады.

Сонымен қатар апталық барысында А.А.Жанаева денсаулығына байланысты жұмыстан уақытша босауына байланысты, мұғалімге бекітілген іс-шаралар өтпей қалды.

  Қорытынды:

  1. Мұғалімдер іс-шара өткізу  барысында оқытудың заманауи педагогикалық технологиялар элементтерін және әдістерін қолданды.
  2. Мұғалімдердің басым бөлігі өз жұмыстарында заманауи техникалық құралдарды пайдаланды.
  3. Оқушылар іс-шараларда өзін-өзі ұйымдастыруда жақсы деңгей көрсетті, мұғалімнің талабын жоғары деңгейде орындады, оқытудың жан-жақты іс-әрекеттерін жеткілікті мөлшерде меңгеру деңгейін көрсетті.
  4. Өткізілген іс-шаралар тек оқу ісіндегі білім берудің жақсы деңгейде екенін көрсетпейді, сонымен қатар оқушылар мен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын да жүргізеді.

Ұсыныстар:

  1. Мұғалімдер сабақты дайындап, өткізгенде, оның нәтижесін көтеру мақсатында «Білім Ленд» сайтын кеңінен қолдансын.
  2. Мектеп сайтына апталық материалдары орналастырылсын.
  3. Өткізілген іс-шаралардың бейнекөрсетілімі №60 ЖББОМ-нің ютуб каналына салынсын.
  4. Өткізілген барлық іс-шаралардың жоспары түптеліп (переплет) мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары М.С.Қалдыбаеваға тапсырылсын.