Диалогтық оқытудың мәні. Оқу сапасын жақсарту үшін сабақта әнгімелесуді қолдану

Бугін 08.02 күні мектеп тренерлері Акилбекова Ж.С және Бердибаева А.М ұйымдастыруымен «Диалогтық оқытудың мәні. Оқу сапасын жақсарту үшін сабақта әнгімелесуді қолдану» тақырыбында коучинг өткізді. Диалогтық оқыту түрлерімен теория жүзінде танысу үшін орта топта талқылап, тапсырмалар легін орындады. ЖИГСО әдісі арқылы талқылап, ой түйді. Содан соң сергіту сәтін өткізіп, әр қатысушы үш жағдаяттық суреттер бойынша «Әңгімелесу», «Сұрақ қою», «Жауап алу» бағытында жұмыс жасады. Сабақ соныңды «Мен үшін не қиын болды?, «Мен нені уйрендім?», «Менін болашақтағы жоспарым» сұрақтарына кері байланыс беріп, әрқайсысы өз ойларын түйідеп,сабақты аяқтады.