Ақкөңілділік — асыл қасиетіміз. Жүректегі таза ақ ниетіміз.

«Ақкөңілділік — асыл қасиетіміз. Жүректегі таза ақ ниетіміз.

Жан дүниенің кілті

Шаттық пенен күлкі» деген ұранмен 5-ақпан күні мектеп психологы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Н.А.Изгалиеваның ұйымдастырумен «Ақкөңілділік туралы» атты 3 «М» сыныбына ашық сабақ өтті. Ашық сабақ мақсатына жету жолында » сүйіспеншілік», «Ақжарқындық», «Ақкөңілділік» топтарына бөлініп, жұмыс жасалды. Оқушылардың тақырып бойынша білімі кеңейіп, ақкөңілділік туралы түсініктері кеңейе түсті. Мұғалім мен оқушылар арасында кері байланыс жасалды.