Мәңгілік ел алыптары

Кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік ел алыптары» атты Республикалық рухани-патриоттық ән байқауынан жас өнерпазымыз — Қыстаубай Ислам І🥇 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Мұхамедиева Дәмелі Орынбасарқызы Алғыс хатқа ие болды. «Өнерлі бала өрге жүзер» демекші, Исламның келешегінен үлкен үміт күтеміз. Талантың шыңдала берсін, өнерпаз!