Зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету

01.02 күні мектеп тренерлері Акилбекова Ж.С мен Бердибаева А.М ұйымдастыруымен «Зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында зейінді шоғырландыруға арналған тапсырмалар легін құрастырып, оқушы қабілеттілігін қалай арттыруға болатыны туралы ой бөлісті және де интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, презентациямен жұмыс жасады. Коучингте «Шаттық» шеңберін құрып, «Кубизм» әдісі арқылы тапсырмалар орындап, «Табыс сатысы» арқылы әр топ өз жұмысын бағалай алды.