«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ӘН БАЙҚАУЫ

Бүгін, 29 қаңтар күні #60жалпы білім беретін мектебінде мұғалімдер мен оқушылардың өнер көрсетуімен «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Өскелең ұрпақты өнерге баулу, шәкірт пен ұстаз арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған 
айтулы байқауға қатысушылар жоғары дәрежеде дайындалып келді. Байқау қорытындысы бойынша:
3 дәрежелі Дипломмен Берекетова Құндыз (ұстаз) Танатарова Альбина (оқушы);
3 🥉дәрежелі Дипломмен Серікбаев Еламан(ұстаз) Жұмажанов Мансур (оқушы );
2 🥈дәрежелі Дипломмен (ұстаз) Жұмабаева Жұлдызай (оқушы) Аманжолова Аружан;
1🥇 дәрежелі Дипломмен (ұстаз) Тенельбаева Ақтілек (оқушы) Рахимжанова Гулназ марапатталды 
Сонымен қатар 🏆🏅БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алған (ұстаз) Талғатұлы Бауыржан (оқушы) Қыстаубай Ислам жеңіп алды. Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз ! Мектеп мәртебесін асқақтатар осындай өнерлі, талантты оқушылар мен дарынды ұстаздарымыз көп болсын !👍👍👍👏👏👏