«Қарты бар үйдің-қазынасы бар»

   Заман талабы ұстаздан өмір талабына сай ізденуді, оқушының күшті және әлсіз тұстарын дәл анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беруді талап етеді. Шығармашылық қабілет – өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, өнім алуға мүмкіндік  жасайтын жеке тұлға бойындағы  қабілеттіліктің, білім мен біліктің болуы.Осы білімділік пен біліктілікті ұштастыра отырып,шәкірт бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту-ұстаздың міндеті.Сабақ барысында ұстаздық шеберлігімді шынайы түрде тәжірибемде қолдана отырып, сабақ барысында оқушылар назарын шығармашылық арнаға бұрып,түрлі тапсырма беріп, оны тиянақты орындату барысында жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Нәтижесінде,шығармашылық жұмысқа қабілетті оқушылар еңбегі Республикалық,Халықаралық,Облыстық шығармашылық байқаудан орын алып келеді.Айтар болсам,қазан айында өткен «Қарты бар үйдің-қазынасы бар» Халықаралық байқауға қатысқан 7 оқушым эссе,өлең жазу бөлімі бойынша жүлделі I орындарға ие болды.