Шығармашылық жұмыс-көркем ойдың жемісі

   Мұғалімнің де,оқушының да шығармашылықпен жұмыс жасауы-бүгінгі заман талабы.Жаңашылдыққа ұмтылу-адамды биік мақсаттарға жетелейді Сабақ барысында оқушылар назарын шығармашылық арнаға бұрып,түрлі тапсырма беріп, оны тиянақты орындату барысында жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Нәтиежесінде,шығармашылық жұмысқа қабілетті оқушылар еңбегі  облыстық «Ақтөбе»газетінің, Республикалық «Ақбөбек» газетінің беттерінен орын алып жүр.

  Шығармашылық жұмыстың нәтижесінде оқушылардың белсенді сөздік қоры артуда.  Республикалық «Ақбөбек» газетінде 7 «а» класс оқушылары  Мақсотова Іңкәрдің «Туған өлкем-өмірім!» , Рысқалиева Нұрайдың «Туған жердей жер болмас» және Мирханова Баянсұлудың «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» ,Сағынтай Дильназдың «Қарттарым-асыл қазынам» атты шығармашылық жұмыстары жарық көрді.  «Ақтөбе» газетінде Амангелдиев Азаматтың «Аманаттың салмағы» және Мирханова Баянсұлудың «Қазыналы шаңырақ» атты жұмыстары жарық көрді.