Тәжірибемен көз жеткізуге …

2019-2020 оқу жылында мектепті дамыту жоспарында  енгізіліп отырған өз оқушылардың білімін арттыруға тиімді зерттеу тобы жұмысының нәтижесіне көз жеткізу мақсатында Lesson Study тәсілін жүзеге асыруды жоспарланды.  Lesson Study-ды жүргізу барысында мектепте екі зерттеу тобы құрылды. 8 «Б» класына сабақ жүргізетін  және деңгейлік бағдарлама курсын меңгерген 4 мұғалім алынды. Олар: Ж. Акилбекова (орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Б.Калмағанбетова (ағылшын тілі пәні мұғалімі), Т.Алшағырова(физика пәні мұғалімі мұғалімі)  негізігі пән мұғалімдерінен топ құрылды.  Lesson Study – жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатыса алады.

8 «Б» сыныбында Lesson Study жүргізудi жоспарладық. Сыныпта- 24 оқушы. 11 ер бала, 13 қыз бала. Сыныпта оқу озаты-1, оқу  екпiндісі — 7. Жалпы сыныптың білім көрсеткiші –33,3 % құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың  белсенділігi мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейi  орташа. Сондықтан       8 «Б» класында Lesson Study тақырыбы  «оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуда топтық жұмысты пайдалану» тақырыптағы әдістемені жетілдіруді мақсат етіп алынды. Бұның мақсаты оқушылардың топтық жұмыстағы іс-әрекеттерін зерттеу және сол арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Осы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік  атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.

         Міне,  осы тұрғыда жұмыс жасайды деген мұғалімдерді 8 «Б» класының білім сапасын арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті, физика, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен жұмыстар жасалып жатыр.

      Lesson Study тәсілінің  мұғалімдерге тиімділігі оқушылардың күнделікті алған  білімі анағұрлым анық, әртүрлі қырынан  дәлелін көруге: мұғалімнің пікірі бойынша балаларды  оқыту барысында ие болуға тиіс, шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге: оқыту нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қайта жоспарлау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.  

   Lesson Study тәсілінің ережесі бойынша 8 «Б» сыныбынан бақылау жүргізуге үш оқушы іріктеп алдым. Олардың  деңгейлері  әртүрлі: А- оқу үлгерімінің  деңгейі  жоғары,   В- оқу үлгерімінің  деңгейі  орта,  С-оқу үлгерімінің деңгейі  орталау.

  8 «Б» класында қазақ тілі пәнінен «Оқшау сөздер», әдебиет пәнінен «А.Құнанбаев қара сөздері» тақырыбынан  сабақ жүргіздім. Сабақта топтық, жеке жұмыстар қамтылды, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері қамтылды. 

Сабақ барысында А-оқушы Жоламанова Шынар  барлық тапсырмаларды өз бетінше, топта да жасай алды. Жауаптары нақты. Талдайды, жуан сұрақтар қоя біледі. Шынар өзіне сенімді.  

  А-оқушы әдебиет пәнінде топта көшбасшы екендігі көрінді.Топты өзіне қарата білді.Топта ынтымақтастық орнатты.Топ мүшелері түгел жұмыстанды, тақырыпты меңгерді. Ұйымдастырушылық қабілет танытты.

В-оқушы  топтық жұмыста белсенді, жеке жұмыс жасағанда өзіне сенімсіздік тудыратын жағдайда болады. Дұрыстығын кейін дәлелдейді. Жуан сұрақ қоя біледі, талдау жұмысына қатысады, тапсырманы тез ұғына алады. В зейінді, оқушыға көбірек тапсырмалар беру қажет. Постер  жасауда  ерекше  белсенділік  танытты. Сабаққа құлшынысы бар.   

Әдебиет пәнінде В-оқушы сұрақ – жауап кезеңінде, постер жасауда өзін көрсете білді.Постер құрастыруда белсенділік танытып пікірлерін білдірді.Топта оқушылар топтық жұмысты ынтымақтаса отырып орнады. Тақырыпты меңгерді. Топта көшбасшы болғанды қалайды. Алға жылжу мүмкіндігін көп пайдаланады.

С-оқушы Құрманиязов Жанажан  топтық жұмыста көп араласа алмайды. Оқушыға топпен жұмыс жасаған ұнамайды. Жеке жұмыс жасағанды ұнатады. С-оқушыға көп көмек қажет. Тапсырмаларды қате орындайды. Топтық жұмыста сурет салу жұмысы кезінде ғана қызығушылық танытады. Мұғалімнің дауыс көтеріп сөйлегенін ұнатпайды. Өзін-өзі реттеу керектігін сезінді.

Әдебиет сабағында төмен деңгейдегі  оқушы  С  сабақ барысында  аздап қысылып отырды.  Осыған қарап   дәстүрлі сабақтарда  бұл оқушылардың  назардан тыс қалып,  оған жете  көңіл бөлінбей келгендігі  анықталды.  Топпен бірлесе  қимылдап,  топ  мүшелерінің  бір-бірін  жетектеп, қолдауының  арқасында   оқушы  сабаққа  өз  үлесін  қоса  білді.  Тақтада постер қорғап, аз да болса өзін көрсете білді.   

С-оқушымен класта жүргізіліп жүрген сабақтардың нәтижесі туралы сұхбат жасалды. Оқушыда өзгеріс бар. Қойылған сұрақтарға қысылмай жауап берді. Ойын ашық айта алды. Көп жерде қиналып жұмысқа қосыла алмайтынын, көпшілік алдына шығуға қиналатынын, ұялшақтығының басым екенін байқатты. Осының салдарынан топтық жұмыс  С-оқушыға ұнамайтын. Оқушы топтық жұмысқа енді бейімделіп, бойымдағы  бейімділікті байқап келетіндігін айтып, «өзгеремін» деген  сөзді басым айтты. Осындай қиындықтарды жеңуге талпыныс жасаймыз. Алдағы уақытта шешімін табады деп сенім білдіріп отырмын.

Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған  ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.