Тәжірибедегі рефлексия

Қазіргі кезеңде мектеп алдында оқыту жүйесін жаңартып қайта  құруға байланысты бірнеше маңызды проблемалар тұр. Бұл проблемалар оқу- тәрбие процесінің теориясы мен практикасындағы түбегейлі өзгерістермен қатар жүреді. Бұл парадигмасының ауысуы, білім мазмұнының жаңаруы « мұғалім-оқушы » қатынасына, оқушылардың құқықтарына жаңаша қарау тәсілдерін тудырады. Осы заманғы  педагогикада оқушыны оқу әрекетінің субъектісі ретінде қарастыру практикаға еңгізілуде. Соның салдарынан оқу, есте сақтау функциясынан ақыл-ой дамыту әрекетінің қалыптасқан жүйесіне, орташа оқушыға бейімделген оқытудан дамытып оқытуға айналды.

    Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалар  бойынша мұғалімдерді оқыту курстарының сертификатына ие болып, деңгейлік  бағдарламасын игерген мұғалімнің функциясы — оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді еңгізу мақсатында өз мектептерін дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады.

    Тренерлік жұмысқа  келер кездегі мақсатым мектеп мұғалімдеріне оқушылардың шығармашылық , зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және тиімді оқытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту болатын . Курстың алғашқы күні танысуға арналған тренингтерден басталды, одан әрі  бағдарламамен толық таныстық . Әріптестерімізбен көптеген нақты ұғымдардың мағынасын бірігіп анықтадық.Өзіміздің  әлі де болса әлсіз (осал) және мықты тұстарын бағдарлай бастадық. Бәріміздің  алдымызда  теорияны іс-тәжірибемен ұштастырып , ең тиімді әдістерді қолданып , мектебіміздегі әріптестеріме тиімді оқыту бағдарламасын ұғындыру ортақ мақсат болды .

       Басшылыққа  алынатын нұсқаулықтарды  өз тәжірибемізде тиімді қолдана алуымыз керек. Коучинг идеясын ежелгі грек философы  Сократ айтқан: «Мен ешкімді ештеңеге үйрете алмаймын, мен тек ойландыра аламын». Сократ адамның өзін өзі дамыту қабілетін  көрсететін дұрыс жолды көре білген.

       Курс барысында тыңдаушылардың қажеттіліктеріне орай көмек бере алу үшін мұғалімдермен байланыс орнатуы қажет. Өзара түсіністік орнату, өзінің оқу мақсатына қол жеткізудегі және тыңдаушылардың күткен үміті мен сенімін ақтай алудағы тренердің өзіне сенімді болуы – тренер үшін де, тыңдаушылар үшін де оқудың жағымды, өнімді және нәтижелі ахуалын қалыптастыруға жағдай жасайтын болады. Бұл тренерлерге оқу құрылымын және ересектерді оқыту ерекшеліктерін зерделеуге мүмкіндік берді. Әр күннің сабақтарын талдап, оларға шолу жасауға, сондай-ақ мұғалімдерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін келесі сабақтарды түрлендіріп, бейімдеуге уақыт арнап отырдым. Жүргізілген  әрбір тренинг сабақтар қазіргі заманауи  үлгіде, оқушымен  жұмыс жасайтын  әрбір  мұғалімге дәріс бере  алатындай , оларды  даярлайтындай  мақсатта  болды. Оны төмендегі суреттерден көруге болады.

       Мұғалімдермен бірігіп жасаған тренингтер  мен сергіту  жаттығулары, тақырыптық  жаттығулар, тақырыпты  ашуға жасалған  постерлер  маған ұнады. Өзіме де тәжірибе жинақтадым, алда мектеп мұғалімдері жұмыс жасауда қолдана алады. Берілген тиімді  ақпараттар өз мектебімізде жұмыс жасауға қолайлы. Курс барысында ұғынғандарым бойынша тәжірибе кезінде шын мәнінде алдымызда отырған әр мұғалім мінсіз екенін түсіндім. Әр әріптесімнің өзіндік ерекшелігі, өзгелерде кездеспейтін өзгеше бір қыры болады. Сол әріптестерім арқылы өзім де «мінсіз тренер» болуға тырысамын. Әрине мұндай атқа лайық болу үшін алған білімімді толықтырып, жан-жақты ізденіп, алға қарай қадам баса беруім керек. Тәжірибе кезінде жіберген қателіктерімді дұрыстап, келешекте мұндай олқылықтарға жол бермеуге тырысамын. Жұмыс барысында алған білімім мен меңгерген әдіс-тәсілдерім білім беру ісінде жоғары деңгейлерге жетелейтініне, мектеп өмірін өзгертуге өз үлесімді қосуыма ықпал ететініне сенімім мол.