Желілік қоғамдастық

    Әлемдік тәжірибеде желілерді дамыту халықаралық қолдауға ие.Желілік қоғамдастық мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру үшін бірден-бір қажетті құрал,себебі бір мезгілде көшбасшылармен ой бөлісіп, білмегенімізді бір-бірімізден сұрап, ақыл-кеңес алып,өзара тәжірибе алмасу арқылы жетістікке жете аламыз. Сондықтан бұл әдетте мұғалімнің шеберлігі, өмірден жинаған тәжірибесі, педагогикалық-психологиялық әрекеттермен ұштасуы қажет.Бұл мұғалімдердің әр уақытта ізденіс үстінде болуы керектігін қажет етеді.

     Белгілі педагог К.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана нағыз мұғалім.Оқуды,ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі жойылады»-дегеніндей, біздер,мұғалімдер қазіргі таңдағы білім берудің негізгі талаптарының бірі- білімімізді үздіксіз жетілдіріп отыруымыз қажет.Сонда ғана заман талабына сай білім негіздерін терең меңгерген,жоғары мәдениетті,шығармашыл,тегеуіріні мықты тұлға тәрбиелеп шығару жұмысымыз оңды нәтиже береді. 

       Қазіргі таңда білім бeру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтeріліп, алға қадам бастап кeлeді. Біліктілік пeн шeбeрлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлeмді мoйындататын рухани биіккe көтeру- біздeрдің басты міндeтіміз деп білемін.Жаңашылдыққа ұмтылу- адамды биік мақсаттарға жетелейді. Олай болса,көштен кеш қалмай,мүмкіндігіне қарай әрекет ету-әрбір ұстаздың ұстанымы болып қалуы тиіс.Бұл елінің ертеңін,ұрпағының болашағын ойлайтын,бойын патриоттық сезім шарпып тұрған тұлғалар үшін үлкен міндет.