Жаңаша оқытудың тиімділігі

   Бүгінгі таңдағы білім берудің  мақсаты мен міндеттері оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды көздейді. Бала жаны әрдайым жаңалыққа құмар,білмегенін білгісі келіп,белгісіз нәрсені ашуға тырысады.Мұндайда мұғалімнің  шеберлігі,шығармашылығы,ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.

   Заман талабы ұстаздан өмір талабына сай ізденуді, оқушының күшті және әлсіз тұстарын дәл анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беруді талап етеді.Білімнің мазмұнды да мағыналы берілуі – мұғалімнің оқыту үрдісіне байланысты. Білім берудің тиімді жолын таңдап, шығармашылықпен оқушылардың заманауи сұранысына сәйкес оқытудың әдістерін өзгертіп отыру – заман талабынан туындайды.