«Lessen Stady»сабағының оқу жүйесіндегі тиімділігі

          Қазіргі кезеңде жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру – мұғалім құзыретіндегі игі іс екені барша ұстаздарға белгілі. Сондықтан да әр сабақты түрлі тәсілдермен, оқушыны қызықтыра алатындай қылып ұйымдастыру, әр мұғалімнің міндеті. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.Сол себепті жаңаша әдіс-тәсілдер қолданып, оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, дұрыс кері байланыс беруге дәріптеудеміз. Бұл жолда мұғалім де үнемі ізденіп, жаңашыл болуға және әрдайым өз білімін жетілдіріп, жаңа әдіс – тәсілдерді меңгеруі тиіс. Сол себепті күнделікті жұмысының бөлігі ретінде, оқушылар тарапынан кері байланыс ала отырып, оқушы үнін ескере отырып сабақ жоспарларын құру арқылы Lesson Study зерттеу сабағы 4″В»класында  өткізілді. Жаңа оқу бағдарлама бойынша сын тұрғысынан ойлауға арналған тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Барлық жағдайда да оқушыларды сыни ойлауға, сын көзқарасты қалыптастыруға басты назар аударылып отырды. Бағалау кезінде осы көзқарас жақсы нәтиже көрсете бастады. Алғашқы сабақтардай емес, келесі сабақ айтарлықтай өз нәтижесін көрсетті. А оқушылар үнемі көш басынан көрінді, ал В және С оқушылары біз күткен нәтижелерді көрсете бастады. Топтық жұмыстар алғашқыдай емес, уақытпен санаса, бірлескен ұйымшылдықпен өтті. Оқушылар белсенді жұмыстар жасады, жеке, жұптық , үштік, топтық жұмыстар оларға қатты ұнады. Бір-бірімен байланыса отырып, өзге топтан озуға деген бәсекелестіктері артты. Соның арқасында көшбасшы оқушылар тобындағы нашар оқитын оқушыларға қолдау жасап, көмек беріп, оларды да жұмысқа талпындырып отырды. Топ мүшелері де өздеріне берілген қызметтеріне жауаптылықпен қарай бастады. Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек. Демек, бұл тәсілдің оқыту мен оқуда ілгерлеушілік болдыра алатындай екендігіне ешқандай күмәніміз жоқ екенін растаймыз.