«Тәжірибедегі рефлексия»

Республикамызда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. Бүгінгі заман талабына сай білім беру үдерісінде мұғалім құзырлылығы мен оқушының құзырлылығын арттыру маңызды болып саналады. 2011 — 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспарда оқушыға қажетті басты функциялық сапалар: белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы, құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуі сынды қабілеттері мектеп қабырғасында қалыптасуы тиіс, — деп көрсетілген болса, заманауи тәсілдер арқылы оқушылар алған білімдерін иеленіп ғана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білулері керек. ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні де осында. Қай салада болмасын,ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенетіні белгілі. Мектептегі сан-саналы жұмыстың құйылатын арнасы осы білім саласында екені даусыз. Мұғалім – оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне тікелей жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс жасайтын белсенді әрекет иесі.Сондықтан да, мектепке жаңалық енгізуде мұғалім шешуші рөл атқарып, көшбасшы бола білуі тиіс деп есептеймін.Оқушыларды ұшқыр ойлы , жаңаны ойлап таба алатын, алған білімін өмірде өз орнымен қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға етіп даярлауда мұғалімнің қолында. Әрине мұғалімнің өзі де заман талабына сай біліммен қаруланған, жаңашыл, сандық сауатты болуы қажет. Осыған орай мектебімізде «Тәжірибедегі рефлексия» курсы ұйымдастырылып, мұғалімдерді, соның ішінде жас мамандарды оқыту жұмысы басталып кетті.  Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен келісе отырып, сабақ кестесін реттеп, әр аптаның жұма күні курс өткізілді. Курсқа 25 мұғалім қатысты. Білім берудегі көшбасшылар жұмысының түбегейлі маңызды, мұқият ойластыруды талап ететін қыры – оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындауға бағытталған оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілген өзгерістерді басқару екенін жете түсіне отырып, көшбасшы мұғалім ретінде осы кезге дейін біршама жұмыстар атқарылыды. Тренерлік курстың  жаңашылдықтың бастамасы болуға бағыттау – жұмыстың басты мақсаты болды. Курстың негізгі идеясы -мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдерді меңгеруі болып отыр. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес.  Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету;  сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады. Бұл жұмысты үйлестірушілер,әрине, мұғалімдер.Мұғалімдер өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. Әрбір сабақта пайдаланылған тренингтердің мұғалімдер үшін маңызы зор, қызықты болды.Себебі топ мүшелері бірге жұмыс жасауға тырысты, топта ынтымақтастық aтмосферaсын құра отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туды. Білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі өзгереді.  Мұғалімдерде сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Тaлдaу бaрысындa тақырып төңірегінен шығa aлды. Өз oйын, пікірлерін aйтып aтсaлысты. Себебі диалoг мынaдaй қарым-қатынасты негіздейді: «мұғалім мен оқушы» және «оқушы мен оқушы». Бұл үрдіс бұрынғы сабақтарда да қолданылғанын, алайда, дәстүрлі сабақтарда үстіртін ғана сұрақ-жауап ретінде  жүріп отырғанына көздері жетті. Өйткені оқушылар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы қысқа жауап беріп отырды,яғни, жабық немесе жіңішке сұрақтарды ғана пайдаланып отырды. Курс сабақтарынан кейін олар ашық,кеңейтілген, интерпретациялық,шығармашылық,бағалаушы сұрақтарды арқылы диалогті қолданғанда оқушының терең ойлауына,  алған білімін талдап, сараптауына мүмкіндік бере алатындықтарын түсінді. 

Мұғалімдерден үнемі қажеттіліктерін анықтау мақсатында  сауалнама алынып отырды және көпшілігі бағалаудың түрлеріне мән бермейтіндіктерін көрсетті. Бұған дейін мұғалімдер бағалаудың түрлерін теориялық тұрғыда ғана білетін болса, енді оны практикада іске асыра бастады. Курс сабақтарында топтарды бағалау, әрбір жүргізілген жұмыстар бойынша өзін-өзі бағалауды үйрене бастады. Өзін-өзі бағалау оқушылардың бағасын салыстырмалы түрде емес, нақты қоюға үйрететінін түсінгендерін айтты. Оқушылар сабақтарда қалыптастырушы бағалауды қолданғанда «маған ұнады», «тиімді пайдаланды» деп қана айтатын, курста үйренгендері бойынша нақты баға беруге үйреніп, осы тапсырма бойынша нақты не ұнады, тиімділігі неде екенін ажыратып, қызығушылықтары да арта бастағанын байқалды.Баланың оқуы және дамуы әрдайым өзгеру үдерісінде жүреді. Болатын сабақ бойынша алдарына мақсат қоя білді. Түрлі тапсырмаларды орындау барысында мұғалімдердің ОүБ-дың мәнін түсінгендерін, қолдана алатындығын байқалды.Смайликер арқылы кері байланыс алынып, жұмысты ары қарай жалғастыруға дайын екендіктерін көрсетті. Дескрипторлар құрастырды.Топ мүшелері бір-бірінің жұмыстарын бағалап,критериалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізді. Құрастырылған дескрипторларды «Айналмалы бекет» әдісі бойынша талқылау жүргізді.Келесі тапсырмада қалыптастырушы бағалау бойынша семинар жоспары жасалды.Бұл тапсырманы орындау үшін мұғалімдер «Бағалаудағы мұғалімнің рөлі», «Қорытындылар парағы», «Критериалды талқылау», «Оқушылармен сабақ мақсаттарын талқылау», «Жазбаның мақсаты» (Білім беру платформасы) ресурстарымен танысты, талқылады. «Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Чемоданға критерий,дескрипторды салатындықтарын айтты. Курс сабағының 2-сағатында «Кинометафора» әдісін пайдаланып бағалау бойынша тағы нені нақтылау керекгі анықталды. Мұғалімдердің басым бөлігі жиынтық бағалауда түсініксіз жайлар барын айтты. «Қалыптастырушы бағалау қалай өткізіледі?», «Жиынтық бағалау қашан жүргізіледі?» бейнекөріністері көрсетілді. Бейнекөрініс бойынша топта талқылау жүргізілді. Сабақтың тәжірибелік кезеңінде өзін-өзі бағалау, және өзара бағалау семинары ұйымдастырылды. Әдістер таныстырылымы, яғни, «ең үздік әдіске» дауыс беру өткізілді. Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы өздерінің кемшіліктерін анықтап, өздігімен не істей алатындығын, кім қандай мәселеде көмек беретінін,қолдайтындығын анықтады. Сабақтың сәтті тұсы:Топтық тапсырмалардың тиімді жүргізілуі, қатысушылардың белсенділігі,зерттеу, талдау, бірлесіп шешетін жаңа мәселелер мен қажеттіліктердің туындағаны;Бағалаудың түрлерін теориялық тұрғыда ғана білетін болса, енді оны практикада іске асыра бастады. Курс сабақтарында топтарды бағалау, әрбір жүргізілген жұмыстар бойынша өзін-өзі бағалауды үйрене бастады. Өзін-өзі бағалау оқушылардың бағасын салыстырмалы түрде емес, нақты қоюға үйрететінін түсінгендерін айтты. Көшбасшылық жұмысты атқарған  тренерлер тәлімгерлік үдерісінің негізгі идеясын өз сабақтарында пайдалана алды. Курс жүргізу кезіндегі  тренерлердің мықты жақтары: жаңа педагогикалық тәсілдерді мұғалімдерге үйрету кезіндегі енгізілген өзгерістердің тиімді,тиімсіз болғандығын қандай іс – әрекеттерден көруге болады? Тренер ретінде осы сұрақтар төңірегінде ой бөлініп, курс жүргізу кезінде сол сұрақтардың шешімін тауып, жұмыстар жасау жоспарланды. Мұндағы мақсат – мұғалімнің енгізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап, өзгерістердің тиімді болғандығын, мектеп үшін маңыздылығын анықтау.Мен оны қандай түрде көргім келеді? Мен үшін не маңызды? Менің нені өзгерткім келеді?деген тақырыптар төңірегінде ойлана бастады және бұл құндылықтар кәсіби деңгейін анықтауға мүмкіндік жасағанын айтты. Оқушылардың оқуына кедергі болатын жайларды анықтап,оқу стильдерімен танысты.Оқудың мақсаттары мен міндеттерін жоспарлауды,нәтижеге жету жолдарын қарастырды. Мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас орнатып, кәсіби дамуға ынталандырдым. Бағдарлама идеясын түсініп өзгеріске қолдау көрсетті және тәжірибелеріне өзгеріс енгізе бастады. Сабаққа рефлексия жасауға қадам басты. Орта, қысқа мерзімді жоспарлар жасап үйренді. Курсқа қатысушылардың ішінде әріптестестері бас кезінде онша құлықты болмай, мойындамай жүргендерін байқалғанымен, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау тәсілдері, бағалау тақырыбындағы критериий бойынша бағалау, оқудың мақсаты,SMART мақсатын қою, сабақтарды орта мерзімді,қысқа мерзімді жоспарлауды түсінген кездегі жасаған кері байланыстары керемет болды. 

 Осыдан тыңдаушылардың жеке тәжірибесін түсініп, жетілдіруге ынтaланғандығын сезінуге және өзгерістер ене бастағанын түсінуге болады. Осы курс барысында тыңдаушылардың эмоционалдық ахуалдарына, олардың тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы атмосфера жасауға көп көңіл бөлінді. Бұл- тренерліктің сәтті бoлғaны.

Сөздің түінінде бұндай курстың бізге берері көп екенін,технологиялық жүйелілікті сақтай отырып,қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім,оқушылар шығармашылығын арттырып,білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт-бағдар бере алады деуге болады.

« Тәжірибедегі рефлексия » курсынан көріністер