2019 жылдың 11 қарашасында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу…

2019 жылдың 11 қарашасында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында №60 жалпы білім беретін орта мектеп директоры А.Тажимишев бастаған ер мұғалімдерден құралған жұмыс тобы Нұр Ақтөбе мөлтек ауданында түнгі рейд жұмысын жүргізді. Жұмыс тобы Нұр Ақтөбе мөлтек ауданында балалар мен жасөспірімдердің жиналуы мүмкін деген болжалды орындарды, атап айтсақ, 5 компьютер клубын, 12 үй аулаларын, үй-жайлардың арасын, дүкендерді аралай отырып, кешкі мезгілде жүрген оқушыларға кешкі сағат 22:00-ден кейін жүруге болмайтынын ескертіп, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
#60zhbbom 
#60zhbbom_live