Өнерлі өрендер

2016-2017 оқу жылынан бастап мектебімізде «ART VIEW» сурет үйірмесі жұмыс жасауда. Сурет үйірмесінің арнайы жабдықталған кабинеті бар. Аздаған уақыт аралығында үйірме қатысушылары қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстардың жүлдегерлері атанып жүр. Сол жүлделердің бірі 2019 жылы ЮНЕСКО ұйымының аясында ұйымдастырылған, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылықтарын қолдауға бағытталған, «Балалар әлемді бейнелейді» атты жобаның 20 жылдығына арналған республикалық конкурсқа белсене қатысқаны үшін #60 жалпы білім беретін орта мектептің, «ART VIEW» шығармашылық студиясы марапатталды. Жетекшісі: Койшебаева Г.Б.
#60zhbbom 
#60zhbbom_live