Қазіргі заман қаһармандары

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі А.Калайчидидің бекіткен «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акцияның жоспары негізінде Ақтөбе қаласына келген Нұр Сұлтан қаласы 6636 әскери бөлімінің айдауылдау бойынша атқыштар ротасы 2-взводының командирі капитан Каиржанов Чингис Жангельдиевич пен Көкшетау қаласы Полиция басқармасыПатрульдік полиция батальонының полицей-кавалерисі, полиция сержанты Еркашев Асхат Канатович №60 жалпы білім беретін орта мекептің оқушыларымен, мектеп әкімшілігімен, ұстаздарымен кездесті. «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі» тақырыбында өткен қазіргі заман қаһармандарымен кездесу мектеп оқушыларының санасына жаңа серпін беріп, жүректерінде патриоттық жалын отын маздатты. Шара барысында оқушылар мен мұғалімдердің алған ерекше әсерлерінің дәлелі: толассыз сұрақтар қойылып, күні-түні ел үшін қызмет етіп жүрген қайсар батырлардан мардымды жауаптар берілді, №60 білім ордасына келген құрметті қонақтарға мектеп ұжымы, оқушылар атынан толассыз алғыстар айтылды. Жоғары класс оқушылары үшін де кәсіптік бағыт беру бойынша аталмыш іс-шараның мән-маңызы зор болды.
#60zhbbom 
#60zhbbom_live