«ТИІМДІ САБАҚ: БЕЛСЕНДІ ӘДІС ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛІ ЖЕТІСТІК»

«Ақтөбе-Өрлеу» институтында жаңартылған білім беруді жүзеге асыруда сертификатталған пән мұғалімдері арасында өткізілген «Тиімді сабақ, белсенді әдіс, нәтижелі тәжірибе»  байқауына мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Жаймаганбетова Аккенже Нурлановна мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Каймакбаева Гульзауре Бектилеуовна қатысып, екі мұғалім де І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні  облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Байқау педагогтардың жаңартылған білім бағдарламасы бойынша пәндерді оқытуда заманауи инновациялық технологиялар мен әдістерді қолданудағы педагогикалық іс-тәжірибелерін таратуға мүмкіндік берді.