ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА БАУЛУ

Орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру, оларды заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешу ісіне тарту мақсатында Стратегиялық зерттеулер және жастар саясаты институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Заманауи әлемдегі ғылым мен инновацияны дамытудағы жастардың рөлі» атты ІІ Халықаралық ғылыми жұмыстар және инновациялық жобалар байқауына мектебімізден 87 ғылыми жоба жіберілді. Байқауға ғылыми зерттеу жұмысын жүргізумен айналысып жүрген 1-11 класс оқушылары арасынан 112 оқушы өз жұмысын ұсынған болатын. Оқушылар зерттеу жұмысын жүргізуде жеткен жетістіктерін өз жобаларында көрсетіп, дәлелдей білді. Ғылыми жобаларда көтерілген мәселелер мен ғылыми жаңалығын, тақырыптың өзектілігіне сәйкес, байқау қорытындысы жарияланды.