Мектебіміздің бетке ұстар шахматшыларымыздың бірі

 Мектебіміздің бетке ұстар шахматшыларымыздың бірі, бүгінде сегізінші сыныпта оқитын дарынды оқушымыз — Асқар Жүсіп осыған дейін талай белесті бағындырып үлгерді. Жастайынан зияткерлік ойынға бейімділігін көрсетіп, терең логикалық қабілеті мен қарымының арқасында республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы 🏆атанып келе жатыр. Кезекті рет классикалық шахматтан ♟ ұйымдастырылған облыс чемпионатында бақ сынап, І орын иеленді. Жас шахматшымыздың болашағы жарқын болатынына сенеміз!