Келешекке — кемел біліммен

4 кластар апталығы

 

      Мектептегі әдістемелік жұмыстар жоспары бойынша 2019 жылдың 09-14 желтоқсан аралығында   4 кластарға арналған «Келешекке — кемел біліммен» тақырыбындағы апталығы өткізілді. Бұл апталық оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстарын  ұйымдастыруға заман талабына сай жол таба білуге арналды.

Мақсаты:

  • Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, алған білімдерін дамыта түсу;
  • Мұғалімдердің өзара іс тәжірибе алмасуын жандандыру және облыс, республика көлемінде тарату

Міндеттері:

  • Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыра түсу;
  • Бастауыш класс пәндерінен сабақтар мен сыныптан тыс іс — шараларды түрлендіріп өткізу;
  • Оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын тереңдету, қызығушылығын ояту, ой-өрісін дамыта түсуге;
  • Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру, талантты оқушыларды айқындау.

         Жоспарланған  іс-шаралар уақытында, талапқа  сай өткізілді. Апталық жоғарғы  әдістемелік деңгейде, ұйымдасқан түрде жүргізілді. Оқушылар әр түрлі пәндерден жақсы білімдерін көрсетті, өздерінің білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білді, бір-біріне қолғабыстарын  тигізді, күрделі сұрақтардың  қиын жауаптарын тапты.

        Апталық жоспары негізінде мұғалімдер мен оқушылар жоспармен апталық ашылуында таныстырылып, мақсат-міндеттері айқындалды. Жауапты: Г.Казахова мен Р.Смагулова.

            «Келешекке кемел біліммен..» атты апталығының ашылу салтанаты әсем әнмен ашылды. Бастауыш кластар бірлестігінің орынбасары Селбаева Жадра Мамыртаевна оқушыларды апталықтың ашылу салтанатымен құттықтап, апталықтағы іс шараларға белсене қатысу керек еккенін айтып өтті. Апталықтың ашылу салтанатына 4-сынып оқушылары ат салысып қатысты. Дымбілмес пен Білгішбектің ролдерін сомдады.

  4 класс қыз балалары күндер патшасы болып, әр күнде өткізілетін іс-шараларды атап өтті.      

       Оқушыларға әртүрлі, қызықты тапсырмалар жасырып, тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындай білді. Және де өз шығармашылықтарынан өлең жолдарын оқыды. Соңында «Қазақ» биін билеп, ән айтып өнерлерін көрсетті.      

Дүйсенбі 9 желтоқсан күні, «Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу» күні деп аталды және Әдебиеттік оқу пәнінен 4 «Н» класында Т.Мырзабаева «Теңізшілер туралы әңгіме» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты:

4.1.4.2. Сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, таныстырылым, бейнежазба жасау;

4.2.6.1. Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау.

Сабақ барысында оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырып, «Қазына» аралына саяхаттау арқылы түрлі тапсырмаларды орындады. Сабақ соңында «Ақ желкен» әдісі бойынша сабақта алған әсерлерімен бөлісті.

Сонымен қатар — С.И.Шамилова мен А.А.Абилованың ұйымдастыруымен «Жұлдызды сәт» интелектуалды сыныптан тыс шара өтілді. Сыныптан тыс шараның мақсаты: Оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік танымдық деңгейін толықтыра түсу, топтаса жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Шараға әр        4-кластан 1 оқушыдан шығып 14 оқушы қатысып, үш топқа бөлінді.

1-топ «Жалын;  2-топ «Болашақ»; 3-топ «Бәйтерек» деп аталды. Сайыс  5 кезеңнен тұрды:

  1. Топтардың таныстыруы, ұраны
  2. «Бізден сұрақ, сізден жауап» (сұрақ-жауап)
  3. «Тұлғаны тани біл…»
  4. «Шашылған әріптер»
  5. «Жұлдыздар сұрағы»

Оқушылар  әр кезең бойынша барлық тапсырманы топпен орындады. Әр топтың  дұрыс жауаптарына бір-бір  жұлдызшадан  берілді. Сайыс соңында әр топтың 5 кезеңнен жинаған жұлдызшалары саналып,  сайыста қай топ жүлделі орындарға иеленгендігі анықталды. Сайыс нәтижесінде 1-орынды «Бәйтерек» тобы  15  жұлдызшамен,  2-орынды «Болашақ» тобы 14 жұлдызшамен және 3 орынды «Жалын» тобы 10 жұлдызшамен  иеленді. Әр топ оқушылары мақтау қағазымен марапатталды.

Сейсенбі 10 желтоқсан «Математика күні» деп аталды және 4 «Ғ» класында  Математика пәнінен — «Пропорционал бөлуге берілген есептер»тақырыбында  К.Б.Ағымедолла ашық сабақ өткізді.

Сонымен қатар — А.Е.Отаралина  мен Т.Б.Тилакбаева «Математикалық калейдоскоп» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Жоспар бойынша қазақ тілі пәнінен 4 «В» класында Смагулова Р.Т. «Біріккен сөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: 4.2.4.1 — мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау.

4.4.2.1 — күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

Оқушылар топқа маман иелерінің суреттерімен бөлінді.Үй тапсырмасы сұрақ жауап ретінде тексеріліп,»Бинго»ойыны арқылы бекітілді. Жаңа сабақ «Бинго ойыны арқылы ашылды. Сабақтың тақырыбымен мақсаты хабарланды.  «Табиғат жанашыры -эколог».  Мұғалім оқушыларды сабақ барысындағы  бағалау критерийлерімен таныстырды.»Күн «суреті — Өте жақсы,»Өзен» суреті -жақсы,»Көшет»суреті — әлі де біліміңді толықтыр. Әр тапсырма барысында бағалау суреттерін таратылды. Оқулықпен жұмыс болды. 24-жаттығу  Оқушылармен Экологтың сұхбаты болды. Оқушыларға сұрақтар қойылып, жауаптары алынды.  Топтық жұмыс барысында әр топқа әртүрлі тапсырма берілді. Сексуіл неліктен «Қызыл кітапқа»енген ? деген сұраққа балалардан жауап алынды. Слайд арқылы сексуіл суреті көрсетілді.

Сабақ сұрақ -жауап ретінде қорытындыланды.Балалардан кері байланыс ауызша алынды.

Апталықтың 3-ші күні «Дүниетану күні» болып белгіленді. Соған орай 11.12.2019 ж. 4 «Г» класында дүниетану пәнінен «ХХ – ХХІ ғасырларда Қазақ мәдениетінің дамуы» деген тақырыпта ашық сабақ өтті.

Сабақ психологиялық дайындықпен басталды. «Мамандықтар әлемі» атты ортақ тақырыпқа сай 4 топқа бөлінді. Топ басшысын сайлап, топ мүшелері өзара қызметтерін бөлісті. Топта жұмыс ережесін келісті. Үй тапсырмасы «Кенеттен сұрау» әдісін пайдаланып, ұшақ ұшыру арқылы жүзеге асты. Оқушылар «Жасырын сөз» әдісімен шатастырып берілген әріптер тізбесінің ішінен сабақтың тақырыбына қатысты сөзді тапты. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айқындалды. 4 топқа нақты тапсырмалар берілді. Топтық жұмыс:

1.Ақпарат іздеу

2.Постерге түсіру

3.Таныстырылым жасайды «Айналмалы бекет» әдісі

1топ: суретшілер Әбілхан Қастеев

2топ: әншілер Әміре Қашаубаев

3 топ: бишілер Болат Аюханов

4топ: мамандық иелері Күләш Бәйсейітова

Топтар ақпарат көздерінен, оқулықтан ақпарат іздеп, постерге түсіріп, «Айналмалы бекет» әдісі арқылы таныстырылым жасады. Топтық жұмыс «Менің сөзім» стратегиясы бойынша бағаланды. Уақыттың жеткіліксіздігіне байланысты сергіту сәті есебінде алынған «Кім көп біледі?» ойыны ойнатылмады. Жазылым жеке жұмыс ретінде өткізілді. Оқушылар бірін – бірі дайын жауаппен жұптық тексерді. Бүгінгі сабақты қаншалықты дәрежеде түсінгендерін байқау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Берілген 4 сұраққа 1 оқушы ғана толық жауап берді. Кластың 50% 3 сұраққа жауап берген. Қалған оқушылар 2 сұраққа ғана жауап бере алған. Оқушылардан «Мұғалімге хат» деген атаумен кері байланыс алынды. Топ басшылардың бағалауы қорытындыланбай қалды.

Сонымен қатар  4 «Б» класында Әдебиеттік оқу пәнінен — «Теңізшілер» тақырыбында Алдиярова Ж.Е. ашық сабақ өткізді.

Жоспар бойынша Ж.Ф. Нурманова, С.Ж.Қожан, А.Е.Нуркасова «Жаңартылған білім — заман талабы» тақырыбында жаңартылған білім беру мазмұнындағы ата-ана рөлі туралы дөңгелек үстел өткізді. 

Мақсаты:

  1. Оқытудың жаңа әдістеріне және олардың оқушы дербестігін,жауапкершілігін, өзін-өзі реттеудің,ізденушілік қабілетін дамытудағы маңыздылығын түсіндіру.
  2. Ата-аналарды оқу процесіне кіріктіру.
  3. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру.
  4. Ынтымақтастық педагогикасы аясындағы «Мектеп — Ата — Ана» қағидасын ұстану

Күтілетін нәтиже:

1.Ата – аналардың мектептегі оқу үрдісіне деген көзқарастары өзгереді.(Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жекелеген жұмыс,оқу үрдісіндегі әр түрлі стратегиялар, «Борт журналы» және т.б.)

2.Ата – аналар балалардың оқу үрдісінен үнемі хабардар,ықпал етеді,көмектеседі.

  1. Ынтымақтастық педагогикасы негізіндегі ілгері жұмыстар. «Мектеп-отбасы-оқушы»

Ресурстары: «Критерииалды бағалау» слайды, нұсқаулық.

Барысында, алдымен дөңгелек үстелге  келген қонақтармен амандасу рәсімі жүргізіліп,  шиыршық қағаз таратылады. (қағазда әріптер тізбегі жазылған) Дөңгелене орналасқан үстелге қатысушы ата-аналарға С.Ж.Қожан сәттілік тілей отырып, алғашқы сөз кезегін  мектеп директорының бастауыш кластар жөніндегі орынбасары Ж.М.Селбаеваға берді.

Отырыстың ахуал амалын орнатуға  мектеп тренері Ж.Ф.Нурманова «Жақсы  тілек» тренингін жүргізді. Дөңгелек үстелге қатысушыларға түсті шиыршықталған қағазды ашу сұралды. Және қағазға жазылған әріп тіркестерге назар аударулары сұралды. Мәселен, ДДДД-123 деген серияға «Тізбек сөздер» әдісі негіздемесімен  дөңгелек үстелге  қатысушылар қимылды терапия жасады.

Алдымен жаңартылған білім беру мазмұны туралы түсінік қалыптастырылды. Слайд көрсетілді. Бүгінгі күннің жаңалығымен таныстырылды.

Тренинг «Менің түсінігімде…» тізбек моншақ жасалды. Моншақ түстеріне қарай ата-аналар топтасты. Екі топқа бөлінген ата-аналарға топтық тапсырма берілді.

Әрі қарай «Менің шығармашылығымдағы шырша» тақырыбындағы жұмыс жүргізілді. Әр топ жұмыстанып болған соң, жұмыстарын жарнамалап, қорғады.

Критерий құрылымымен таныстырылып, бірін-бірі бағалады.

Рефлексияда барлық қатысушылармен  «Хан бұйрығы» тренингі жүргізілді. Ол үшін әр қатысушыға ақ парақ таратылады. Алған әсерімен бөліскен тыңдаушылар бар жаңалығын параққа жазып, шиыршықтап біріне-бірі жолдады.

Қатысушылардан шарларға мимикалық смайл жүзін бейнелеп, өзіндік көңіл-күйді көрсету арқылы кері байланыс алынды.

Бейсенбі 12 желтоқсан «Өнерлілер күні» деп аталды. Өнерлілер күнінде «Мир профессий в поделках» тақырыбында (художественный труд) 4 «И» класында А.Шамекей өткізді. Сабақ мақсаты: 4.1.3.1. передавать творческие идеи и чувства (эмоциональное состояние, характер) комбинируя разные техники работы

4.2.2.1 использовать и экспериментировать с самостоятельно выбранными инструментами и материалами (природные и искусственные), уверенно применяя более сложные приемы и техники

Урок включал в себя 7 этапов: 1.Организационный момент. 2. Актуализация знаний. 3. Целеполагание. 4. Введение нового материала. 5. Физкультминутка. 4. Техника безопасности.5. Практическая работа. 6. Закрепление 7. Рефлексия.

На уроке использовала разные формы организации познавательной деятельности: фронтальная (коллективная познавательная деятельность); индивидуальная.

Технологии, используемые на уроке:

— проблемно – диалогическая;

— личностно – ориентированная;

— технология сотрудничества;

— ИКТ

— здоровьесберегающая;

  При проектировании урока учитывала индивидуальные особенности класса. Урок построен в соответствии Госстандарта РК, с использованием информационно-коммуникативных технологий.

  Этапы урока выдержаны. Материал урока соответствовал возрастным нормам и требованиям рабочей программы. Осуществлялась тесная связь теории с практикой. На уроке развивалась познавательная активность, связная речь, память, внимание, фантазия и воображение.

Использовала словесные, наглядные, практические методы. Дети смогли сформулировать тему и цели урока. Отвечали на поставленные вопросы.

На уроке использовался мультимедийный проектор с презентацией, оформлена выставка работ детей. К проведению занятия были подготовлены все необходимые инструменты. Организационная часть урока проведена четко, переход к следующему этапу урока плавный, логичный. Актуализация прежних знаний была направлена на то чтобы сделать необходимым нужным. Этот этап дал возможность оценить степень готовности учащихся к восприятию нового материала. По анаграмме учащиеся определили тему урока.

 Формирование новых знаний проводилось методом рассказа, беседы. Материал излагался последовательно. Во время объяснения проводилась демонстрация действий. В ходе урока сохранялся доброжелательный тон. Темп работы нормальный. Материал подобран эффективно в соответствии с целями и задачами урока. Учащиеся научены работать самостоятельно, осуществляя само и взаимоконтроль. Был проведен инструктаж. Все учащиеся были вовлечены в практическую работу, следили за соблюдением правил техники безопасности.

  Практическая работа организована с целью ознакомления с технологией выполнения поделок. Осуществлялся контроль и самоконтроль при выполнении всех этапов работы. Практическая работа выполнялась под наблюдением учителя. 

   Закрепление знаний проводилось в ходе опроса, показало усвоение учащихся изученного материала.

   При проведении итога урока все учащиеся получили домашнее задание. Время урока распределено рационально, занятие проведено по плану.

Порядок и дисциплина учащихся поддерживались чёткой организацией урока, интересным и доступным материалом.

Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Тәуелсіздікке тартуым» тақырыбымен өткен жұптық көрме-байқауды К.Ағымедолла мен С.Жақсыгереева ұйымдастырды.  «Менің Тәуелсіздікке тартуым» атты жұптық көрме байқауы ұйымдастырылды. Жұптық байқауға әр кластан 2 оқушыдан қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды:

1.«Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.

2.«Кім шапшаң, кім жылдам?»

3.Сөздерден түс аттарын шығару.

4.Сурет салу немесе макет, коллаж жасау сайысы (жұппен жұмыс)

Байқауға оқушылар қолда бар құралдарымен дайын келген. Сайыстың әр кезеңіне белсене қатысты. Байқаудың негізгі кезеңі 4-ші кезеңінде қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып кетті. Бұл кезеңде бірі сурет салса, бірі коллаж жасады, енді бірі макет жасады. Байқау соңында үздіктер анықталды.

І орынды 4 «А» класс оқушылары Абутали Айшат пен Жейлюбаева Гүлдана иеленді.

ІІ орын 4 «Ж» класс оқушылары Мухитова Мадина мен Серғали Асылхан, 4 «Д» класс оқушылары Дәрменова Меруерт пен Калелова Мариямға бұйырды. ІІІ орынды 4 «Н» класс оқушылары Амантай Даяна мен Алтай Аруназ, 4 «Қ» класс оқушылары Құлахметова Раушан мен Аманов Алтынбек, 4 «Г» класс оқушылары Орынова Инара мен Жұмабаева Сымбат алды. Қалған қатысушылар белсене қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Апталық жоспары бойынша 12 қараша күні «Озат тәжірибе- ортақ іс» тақырыбында  4 класс мұғалімдері Қожан С.Ж, Нурманова Ж.Ф, Абилова А.А. ұйымдастыруымен өздерінің іс-тәжірибесінен тиімді әдіс-тәсілдерді әріптестерімен бөлісу мақсатында тәжірибе алмасты. Мақсаты:  Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер туралы пікір алмасу. Мұғалімдерді жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірбиесінде тиімді пайдалануға бағыттап, ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер түрлі қолжетімді ресурстар арқылы тиімді әдіс-тәсілдермен таныса отырып, тәжірибелерінде қолданады.

Негізгі (түйінді) идеялар: Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдердің нәтижелілігін анықтау

Ресурстар: «Критерииалды бағалау» слайд, нұсқаулық.,түрлі деңгейдегі плакаттар, компьютер, маркер.

Оқыту әдістері: СТО элементтері, , оқу мен оқытуды бағалау, жұптық және топтық,жұмыс, постер әдісі Тапсырмалар ой шақыру.

Міндеттері: Оқушылардың ойлау көрсеткіші қызметінің заңдылықтарын ескере отырып, оқушының жеке- даралық қабілеттерін арттыру,  нені есте сақтау керек , соған бағыттау;

Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз-өзін ұстау және көпшілік алдында ұстау мәдениетін дағдыландыру;  

«Тыңдаймыз, көреміз, жасаймыз» тренингі арқылы мұғалімдердің ойларын бір жүйеге тоғыстырды. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша әркез іздене отырып, сабақта қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, «Тізбектелген моншақтар», «Бірлікпен жұмыс жасаймыз», «Биле де үйрен», «Менің шығармашылығым» әдістерін  мұғалімдермен тапсырмалар беру арқылы ортаға салды. Сонымен қатар Блум таксономиясының тиімділігін де мысалдар келтіре отырып, атап өтті. Апталық бойынша ашық сабақ өткізген  4 класс мұғалімдері Смагулова Р, Алдиярова Ж өздерінің қолданған тиімді әдістерімен бөлісті.

 «Озат тәжірибе – ортақ іс» (жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері; кофе-брейк) жауаптылар: Ж.Ф.Нурманова, С.Ж.Қожан, А.А.Абилова  

Жұма  13 желтоқсан  «Жаратылыстану күні» боп аталды. Жоспарға сәйкес  

«Ел болашағы – білімді ұрпақ» тақырыбымен сыныптан тыс іс-шара үйымдастырылды. Жауаптылар: Тилакбаева Т. және Шамилова С.И

Шара барысында оқушылар топқа бөлініп түрлі викториналық сұрақтардың жаубын тауып, ребустар мен сөзжұмбақтар шешіп, өз сауалдарына жауптар алды.

Сонымен қатар жаратылыстану пәнінен 4 «Д» класында «Ауа қала ластанады?» тақырыбымен Отаралина А.және  4 «М» класында «Табиғаттағы су айналымы» тақырыбымен Жансугирова Ж. өткізді.

Сенбі 14 желтоқсан – «Денсаулық күні» деп аталды.  «Дені сау ұрпақ- ел болашағы» тақырыбымен спорттық сайысты Казахова Г. мен  Смагулова Р. ұйымдастырды.

Апталықтың жабылу салтанатына барлық 4 класс оқушылары қатысты.   

Мақсаты: Бастауыш класс оқушыларының алған білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен алмасу; Оқушыларды бір ұжыммен жұмыс істеуге баулу; Білімдерін одан әрі жетілдіруге дамыту; Тәуелсіз елдің ұлылығын насихаттау арқылы Отан сүйгіш болуға бағыттау. (Жауаптылар: Нуркасова А.Е. Шамекей А.)

 «Келешекке кемел біліммен..» 4 кластар апталығының жабылу салтанатының алғашқы сөз кезегі директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасарлары Мураталиева И.С. және Селбаева Ж. М. берілді. Апталықтың жабылу салтанатының алғашқылары болып  «Әсем гүлдер» би ансамблі «Қамажай» биімен өнер көрсетті.    

                                                                                              

Биші қыздарымыздың жалғастыра 4 «З» класс ұлдары Бекмұханбетов Әли мен Мәди Алда тойланатын Тәуелсіздік мерекесіне арнап, «Тәуелсіздік тірегі» әнін айтты. Бұл ән көрермен қауымын таңқалдырды.  Сонымен қатар 4 класс оқушылары «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында мәнерлеп өлеңдер оқыды. Апталықтың ашылу салтанатында «Білгішбек пен Дімбілмес» көрнісі көрсетілген болатын. Сол көрніс жалғасын тапты. 

          

Көрініс кезінде Дімбілмеске Білгішбек көмекшілері апта бойынша өткізілген әс-шаралар бойынша  сұрақтар қойды. Дімбілмес барлық сұраққа жауап беріп, білгішбектер қатарына қосылды.  Көрністің жалғасы 4 «З» класс оқушыларының орындауында «Қазақстан бақытты» әнімен жалғасты.   Бұл әнмен оқушылар өз еліне, жеріне деген құрметтерін көрсетті.   

Апталықтың  жабылу салтанатының соңында  барлық 4 класс оқушылары «Флешмоб» биімен аяқтады.    

 

      Әдістемелік бірлестіктің отырысында бастауыш сынып мұғалімдері өздері өткізген іс-шарасына өз талдауларын жасады, басқа мұғалімдердің берген  бағаларын тыңдады. Апталық қорытындысын шығара отырып, №60 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері жоғары жұмыс көрсеткіштерін көрсетті деп сенімді түрде айтуға болады.

  Қорытынды:

  1. Мұғалімдер іс-шара өткізу  барысында оқытудың заманауи педагогикалық технологиялар элементтерін және әдістерін қолданды.
  2. Мұғалімдердің басым бөлігі өз жұмыстарында заманауи техникалық құралдарды пайдаланды.
  3. Оқушылар іс-шараларда өзін-өзі ұйымдастыруда жақсы деңгей көрсетті, мұғалімнің талабын жоғары деңгейде орындады, оқытудың жан-жақты іс-әрекеттерін жеткілікті мөлшерде меңгеру деңгейін көрсетті.
  4. Өткізілген іс-шаралар тек оқу ісіндегі білім берудің жақсы деңгейде екенін көрсетпейді, сонымен қатар оқушылар мен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын да жүргізеді.

Ұсыныстар:

  1. Мұғалімдер сабақты дайындап, өткізгенде, оның нәтижесін көтеру мақсатында «Білім Ленд» сайтын кеңінен қолдансын.
  2. Мектеп сайтына апталық материалдары орналастырылсын.
  3. Өткізілген іс-шаралардың бейнекөрсетілімі №60 ЖББОМ-нің ютуб каналына салынсын.