«Жас өнерпаз» атты ІІ Республикалық өнер-шығармашылық байқауы

Дарынды бүлдіршіндерді қолдау мақсатында «Тарлан» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жас өнерпаз» атты ІІ Республикалық өнер-шығармашылық байқауында «Вокал» жанры бойынша:

  1. Серікқалиев Расул (14 жас) және Қыстаубай Ислам (10 жас) — БАС ЖҮЛДЕ🏆. Жетекшісі — Мухамедиева Дәмелі Орынбасаровна;
  2. Мұратәлі Адина (6 жас) 1орын. Жетекшісі — Сәуле Қожан Жанболатқызы;
  3. Әділ Сұлтан (8жас) 1орын. Жетекшісі — Еркін Жақыпович.
  4. Жақып Нұрболхан (6 жас) 1орынға ие болды. Жетекшісі — Еркін Жақыпович.

Тағы да қуантарлық жаңалық, талантымен топ жарған оқушымыз — Қыстаубай Исламға Алматы қаласында «Төрлет, Жаңа жыл» атты эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін ән кешіне тегін қатысуға жолдама табыс етілді. Жетекшісі — Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызына 2020 жылы Сарыағаш шипажайына тегін демалуға жолдама берілді. Жүлделі орындарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Қоржындарыңыз жетістікке тола берсін!