Бастауыш кластарға арналған қалалық әдістемелік семинар.

Адам неғұрлым идеялы жағынан білімді болса, ол соғұрлым өз ісінде табанды да мығым болады- деп ұстаз П.Ф.Лесгафт айтқандай Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының жоспарлары негізінде 4 -қазан күні № 60 жалпы білім беру ошағында бастауыш класс бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алдымен өзіңнен баста… , Бəрі өзің үшін » тақырыбында Жетекші және Серіктестік мектептердің əдістемелік күні өтті. Əдістемелік күн барысында бастауыш класс мұғалімдері өз тәжірибесінен озық шыққан оқыту əдістерін ортаға салып, өзге əріптестермен бөлісті. Серіктес мектептерден келген мұғалімдер алғыстарын айтып, əріптестерге сəттілікті серік етті.