Әлем мойындаған Елбасы

Қазақстан Парламенті 2011 жылы мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін белгілейтін Заң қабылдады. Заңда бекітілгендей 1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеуге орайластырылып, білім беру ұйымдарында білім алушылардың назарын Елбасының ерекше еңбегіне аударуға, жастардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сезімін орнықтыруға, сондай-ақ өзін-өзі іске асыру дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталып отыр. «Заманаут Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында белгілі бір уақытта 2019 жылғы 29 қарашада өткізілуіне байланысты, айтулы мерекеде біздің мектебімізде де бірқатар шаралар өз кезегінде болып өтті. Атап айтар болсақ, мереке қарсаңында 1-11 кластарда тақырыпты тәрбие сағаттары болды, мектеп кітапханасында «Елдікке үндеген Елбасы» портрет сағаты, сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Д.Н.Кудайбергенов пен М.Б.Турганбаеваның жетекшілігімен 9-11 класс оқушыларымен мәжіліс залында болған ашық тәрбие сағаты кең көлемде, өте тартымды өтті. Өткізілген шаралар жақсы дайындықта, кең мағыналы және жоғары эстетикалық талғамға сай болды. Бүгінгі тәрбие сағаттары «ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН. ЕЛБАСЫ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ САБАҚТАРЫ» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың тұжырымдамасына сай өтті.
#60zhbbom
# 60zhbbom_live