Тәтріп — оқу-тәрбие үдерісінде басты талап

№60 ЖББОМ-да мектеп ұжымы мен кіші қызметкерлерге арналған өндірістік жиналыс өткізілді. Жиналыс мектеп басшысының бірқатар жақсы жаңалықтармен бөлісіп, алғыс хаттар мен марапат қағаздарды табыстауымен басталды. Атап өтер болсақ, «Тарлан» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жас өнерпаз» атты ІІ Республикалық өнер-шығармашылық байқауында «Вокал» жанры бойынша оқушыларымыз бас жүлдеге, 1-орындарға ие болып, жетекшілері — Мухамедиева Дәмелі Орынбасаровна, 
Сәуле Қожан Жанболатқызы, Еркін Жақыпович алғыс хаттармен марапатталды. әрі қарай күн тәртібіндегі мәселелер тізбегіне тоқталды. Күн тәртібінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жүру ережелерін сақтау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Жиналыс барысында мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес хаттамалық тапсырмалар берілді:
1. Оқушылардың мектепішілік ережелерді сақтауына қатаң қадағалау жүргізу, төтенше, оқыс жағдайлардың орын алуына жол бермеу және кіші қызметкерлерге мектеп ауласында бөгде адамдардың жүрмеуін қатаң түрде бақылауды тапсырды. 
2. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу;
3. Мектеп формасына назар аудару; 
4. Класс жетекшілерге оқушылардың өмір және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарық шағылыстырғыш жолақтармен 100% қамтамасыз етілуін қадағалау; 
5. Класс жетекшілердің тәрбие жұмысы бойынша ай сайын мониторинг шығарып тұру; 
6. Балалардың бос уақытының тиімді ұйымдастырылуы, осы мәселе бойынша ата-аналармен байланысты күшейту ұсынылды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, орынбасарларға, мамандарға және класс жетекшілерге жекелей тапсырмалар берілді. Мектеп басшысы берілген тапсырмалардың орындалуы кезекті өндірістік жиналыстарда қаралатынын жеткізді.
#60zhbbom
# 60zhbbom_live