Оқу үрдісінің кестесі

Ақтөбе қаласы   

«№ 60 жалпы білім беретін орта мектеп»

 01.02.2020 жыл

Біздің  жаңадан  бой көтеріп келе жатқан мөлтек ауданға, 1200 орындық «№ 60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ғимаратын салынып, 29.08.2016 жылы ашылды. Бірақ, қазіргі таңда  мектепте оқу процесі 3 (үш) кезеңде  жүріп жатыр.

Қазіргі таңда мектепте  1-11 кластарда  3568 оқушы білім алуда. Олар: 

Кластар Оқушы саны (орыс тілінде оқиды) Класс комплект (орыс тілінде оқиды)
1-4 класс 2118 (348) 78 (12)
5-9 класс 1320 (181) 51 (8)
10-11 класс 130 (12) 5 (1)
Барлығы 3568 (541) 134 (21)

Екі  жылда мектепке қабылданған  оқушылар санына

Жылдар Оқушы саны Оқытылу тілі – қазақ Оқытылу тілі – орыс Класс комплект (орыс тілінде оқиды)
2018-2019 3290 2806 484 128 (20)
2019-2020 3568 3027 541 134 (21)

2018 жылдың тамыз айында жүргізілген жалпыға бірдей білім беру рейді барысында ақпарат бойынша «Нұр Сити» мөлтек ауданында (№ 60 ЖББОМ жақын орналасқан көп қабатты үйлер) 0-18 жас аралығында 4944 бала болды. Қазіргі таңда балалар саны бұл көрсеткіштен асты.  

Қабат Блок Оқу кабинеттері сандары Қосымша ақпарат
І Б 6  
І В 6  
ІІ Б 6  
ІІ В 4  
ІІ Г 3 1 кабинет АӘД кабинеті оқу кабинетіне беріледі.
ІІІ А 6  
  Б 6  
  В 6  
  Г 3  
Барлығы   46 оқу кабинеті  

Оқушы саны көп болуына байланысты 2-химия, 2-физика, 1-биология, арнайы кабинеттер оқу кластары орналасатын  5 оқу кабинеттеріне айналады. Яғни, ол кабинеттерде тұрақты түрде класс оқушылары оқитын болады. Сонымен қатар ер балалардың ағаш технологиясы кабинетін жауып, оның орнына 1 класс кабинет ашылды және киім шешетін бөлмемен (гардероб) мектеп рекриациясын бөліп 2 класс кабинет ашылды.  Осындай жұмыстар нәтижесінде қосымша 7 класс кабинет оқу процесіне беріледі. Сонда мектепте барлығы 63 класс кабинет болады.  Осы 63 класс кабинетте 134 класс оқушыларды орналастырып оқу процесін жүргізудеміз. Әрине бұл оқу процесінің 3 ауысымда және толықтай 6 күндік оқу кезеңінде ұйымдастырылды. Кейбір оқушылардың денсаулығына байланысты    25 оқушы, мектеп бойынша , инклюзивтік  бағдарламамен  білім алады, 13 оқушы  үйден оқытылады.

         ІІІ-ші  ауысымда (аралық ауысым) оқитын бастауыштағы кластар ол 3-4 кластар және жоғары кластарда 6-8 кластар. Шамамен 6-күндік оқу кезеңінде  кластардың қоңырау кестесі төмендегідей болады.

Қоңырау кестесі

І ауысым       

1. 8:00-8:40

2 .8:45-9:25

3. 9:35-10:15

4.10:20-11:00

5.11:05-11:45

ІІ ауысым                            

1. 11:50-12:30

2 .12:35-13:15

3. 13:25-14:05

4.14:10-14:50

5.14:55-15:35

ІІІ ауысым                   

1. 15:40-16:20

2 .16:25-17:05

3. 17:15-17:55

4.18:00-18:40

5.18:45-19:25

« Мен басқа адам болатынмын. Мен әрқашанда  басқалардан өзгеше  болатынмын. Сонда,мені неге ешкім байқамады?»

                                                                                                                                     Джон Леннон

Білім беру – ең консервативті  салалардың бірі. Білім беру саласында  бейберекет эксперименттерге  орын жоқ. Алайда, дәл қазір бүкіл әлемде білім беру саласы заманауи медиа және ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың әзерінен жүйелік  трансформацияға ұшырап жатыр.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

* Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, 
сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: …

* « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

* Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол таба білу үшін адам дұрыс ой түйіп,өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Оқушылардың  сапалы  білім алуға  деген  қызығушылығын  арттыру,  сауаттылығын  дамыту  үшін  мұғалім  жаңа әдіс-тәсілдерді   қолданып,  бір  сөзбен  айтқанда  өз біліктілігі  мен  шеберлігін  жетілдіруге  атсалысуы  керек.  Бастауыш  сынып  оқушыларына бастапқыда  техникалық  талаптарды  орындау  қойылса  кейін  әріпті,  буынды,  сөзді,  сөз  тіркесті және  сөйлемдерді  дұрыс  жазу  дағдылары  жетілдіреді. 

*Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы –өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

   Ал, біздің мектеп бойынша  2019-2020 оқу жылының  1 жартыжылдығын  3575 оқушы аяқтап төмендегі білім сапасын көрсетті. 1 класс оқушылары  1 жартыжылдықта бағаланбайды.

Буындар Бастауыш Орта Жоғары Барлығы
Кластар 2-4 классы 5-9 классы 10-11 классы 2-11
Оқушылар саны 1534 1322 130 2986
Үздіктер саны           413 189 13 615
үздіктер 26 % 14,2% 10 % 20,5 %
Білім сапасы (үздіктер мен екпінділер) % 66 % 48,6 % 41,5% 57,2 %

 Тек қана  бастауыш кластар бойынша   білім сапасын айтсақ:

  Бастауыш
Кластар 2 классы 3- классы 4-классы 2-4 классы
Оқушылар саны 622 463 449 1534
Үздіктер саны 197 106 110 413
%  үздіктер 31,6% 22,8 % 24,4% 27 %
Білім сапасы (үздіктер мен  екпінділер) % 71,7 % 63% 61,2 % 66%

*ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Сондықтан да, білім сапасын арттыру , оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру –әрбір ұстаздың міндеті. Біздің мектептің  5-11 кластар оқушыларының білім деңгейі, ұстаздардың еңбегін, төмендегі кестеден қарастыруға болады.

 

Кластар

Оқушылар саны Үздіктер саны Үздіктер санына қарай  % Білім сапасы % (үздіктер мен екпінділер)
 5 кл 383 67 17,4 50
 6 кл 313 60 19 61,3
  7 кл 253 30 11,8 43
  8 кл 202 21 10,3 45,5
  9 кл 171 11 6 34,5
5-9 1322 189 14,2 48,6
 10 кл 71 7 9 42,3
 11 кл 59 6 10 40,7
10-11 кластар 130 13 10 42
5- 11 кластар 1452 202 14 48

*Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз – бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», – деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуде шаршамай еңбек ете білейік.