Мемлекеттік емтихан

2017-2018 оқу жылында 6,8, 10 класс оқушыларын аралық аттестаттау

«Мектеп құшағында білімге талпын, ертең азамат – деп ардақтар халқың» -демекші оқу жылында жинақтаған білімдерін оқушылар пысықтап, қорыту үшін аралық аттестаттаудағы болсын, мемлекеттік емтихандар болсын – барлығының білім шыңына аяқ басуына атқарар рөлі зор.
Оқу жылы аяқталысымен оқушылар жазғы демалысқа шығар шақта еліміздегі барлық мектептерде аралық аттестаттау емтихандары басталады. Осыған орай №60 жалпы білім беретін мектебінде 26-30 мамыр аралығында 6, 8, 10 кластарында келесі класқа көшіру негізінде аралық емтихандар өтті. Оған барлығы 292 оқушы жіберілді. Аралық аттестаттау оқу пәндерінің тізбесі (екіден артық емес), нысандары мен өткізу мерзімдері мектептің педагогикалық шешімімен белгіленді. 6, 8, 10 кластар бойынша барлығы 344 оқушы болса, оның 44-і оқу жылын «үздік» аяқтап, емтихандардан босатылды. Бұдан басқа, аралық емтихандардан педкеңестің шешімімен денсаулығына байланысты 8 оқушы босатылды.
Мектеп бойынша кластан класқа көшіру емтихандарына 15 кластан 292 оқушы аралық емтихандарға жіберіліп, соның ішінде, 6-кластар қазақ тілі, орыс тілі жазбаша түрде, қазақстан тарихы тестілеу негізінде пәндерінен, 8-кластар қазақ тілі, орыс тілі жазбаша, химия, биология, география ауызша билет тапсырмаларына жауап берумен, қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқитын 10-кластар орыс тілі жазбаша диктант жұмысын жүргізумен, қазақ тілі тестілеу – лексико-грамматикалық тест жұмысын жүргізумен, жаратылыстану-математикалық бағытта оқитын 10-кластар математика пәні жазбаша түрде, биология пәні ауызша түрде тапсырды. Аталмыш пәндер балалардың функционалдық сауаттылықтарын тексеріп, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарын жетік меңгеріп, пысықтауына мүмкіндік береді.
8-кластарда ана тілінен диктант алынды. Оқушылардың жазу сауаттылығын бағалауда бірқатар критерийлер қаралды. Барлық кластарда оқушылар өз деңгейінде орындап шықты. Ауызша емтиханға химия, биология, география пәні белгіленді. Теориялық және практикалық тапсырмалардан құралған 25 билет дайындалды.
10 «А» қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын класс оқушылары орыс тілінен диктант жазды. Нормаға сай мәтін берілді. Қазақстан тарихынан ауызша билет бойынша ұйымдастырылған емтиханда оқушылар. жақсы нәтижелер көрсетті.
10 «Ә» жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылатын класында алгебра және анализ бастамалары пәнінен бақылау жұмысы алынды, биологиядан билет бойынша ауызша емтихан ұйымдастырылды.
Емтихан алушы мұғалімдерге бірінші кезекте ескеретін жағдай – оқушыларға емтихан тапсыруда жағымды жағдай жасап, алдын ала кеңес беру сабақтарын өткізу, қосымша материалдар, көрнекіліктерді қолдана білуге үйрету. Ауызша емтиханға келгенде оқушы билет бойынша сұрақтарға кедергісіз жауап беруіне жағдай жасау. Бұдан басқа класс жетекшілердің кабинеттерді дайындауы: тазалығын, ауасын тазарту, қажетті құралдармен қамтамасыз ету, оқушылардың кешікпеуін қадағалау.
Жоғарыда айтылған мәселелерді айта келе, аралық аттестаттау – оқушылардың жыл бойына алған білімдерін тағы бір сараптау, жылдық бағаларын дәлелдеу, немесе емтиханға дайындалу нәтижесінде белгілі бір себептермен игерілмей қалған тақырыптарды оқып-үйренуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, емтихан оқушыларды жыл соңында аттестаттаудың маңыздылығын, оған жауапкершілікпен қатысуды жүктейді.
«Қайталау – оқудың анасы» демекші мектептегі аралық аттестаттау және мемлекеттік емтихандарын жүргізу оқушылардың білімдерін пысықтап, нені қайталап, оқу керектігін ұғынуына мүмкіндік береді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде жеткен. Мектеп – білімнің алғашқы баспалдағы, кірпіш болып қаланар қабырғасы. Ал мектептің басты байлығы – баянды білімі. Мектептен білім мен тәрбиені бойына сусындап шыққан шәкірт үлкен өмірге нық сеніммен қадам басады. Сондықтан да еліміздің өркендеп дамуына үлес қосар ұрпақ тәрбиелеуде мектептің берері мол.

31.05.2018 жыл.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Б.Х.