Мәңгілік ел алыптары

Кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған “Мәңгілік ел алыптары” атты Республикалық рухани-патриоттық ән байқауынан жас өнерпазымыз – Қыстаубай Ислам І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Мұхамедиева Дәмелі Орынбасарқызы Алғыс хатқа ие болды. “Өнерлі бала өрге жүзер” демекші, Исламның келешегінен үлкен үміт күтеміз. Талантың шыңдала берсін, өнерпаз!