«Жаңа білімге заманауи көзқарас» тақырыбында өткізілген  мұғалімдерге арналған кофе-брейк

«Жаңа білімге заманауи көзқарас» тақырыбында өткізілген  мұғалімдерге арналған кофе-брейк

Мақсаты:  Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер туралы пікір алмасу. Мұғалімдерді жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірбиесінде тиімді пайдалануға бағыттап, ықпал ету.

Күтілетін нәтижесі:

Мұғалімдер түрлі қолжетімді ресурстар арқылы тиімді әдіс-тәсілдермен таныса отырып, тәжірибелерінде қолданады. 

Негізгі (түйінді) идеялар: Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдердің нәтижелілігін анықтау

Ресурстар

Слайд, түрлі қима қағаздар, кофе, плакаттар.

Оқыту әдістері

Топтық және жұптық жұымтар. Сұрақ-жауап әдісі.

Міндеттері: Оқушылардың ойлау көрсеткіші қызметінің заңдылықтарын ескере отырып, оқушының жеке – даралық қабілеттерін арттыру,  нені есте сақтау керек, соған бағыттау;

Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз-өзін ұстау және көпшілік алдында ұстау мәдениетін дағдыландыру;  

            22 қаңтар күні «Жаңа білімге замануи көзқарас» тақырыбында  3 класс мұғалімдері Қонарова Г.С, Биманова В, Нұғман А.А. өздерінің іс-тәжірибесінен тиімді әдіс-тәсілдерді әріптестерімен бөлісу мақсатында тәжірибе алмасты. «Атомдар мен молекулалар» тренингі арқылы мұғалімдердің ойларын бір жүйеге тоғыстырды. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша әркез іздене отырып, сабақта қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, «Сұрақ-жауап», «Арқаға жазылған комплименттер», «Бірдей сурет саламыз», «Түбір мен қосымша» әдістерін  мұғалімдермен тапсырмалар беру арқылы ортаға салып, тиімді әдістерімен бөлісті.

Тақырыбы: Жаңа білімге замануи көзқарас
Күні: 22.01.2020ж.
Жалпы мақсаты 1.Оқытудың жаңа әдістеріне және олардың оқушы дербестігін,жауапкершілігін, өзін-өзі реттеудің,ізденушілік қабілетін дамытудағы маңыздылығын түсіндіру.

2.  Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер туралы пікір алмасу. Мұғалімдерді жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірбиесінде тиімді пайдалануға бағыттап, ықпал ету.

3.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру.

Күтілетін  нәтиже 1. Мұғалімдер түрлі қолжетімді ресурстар арқылы тиімді әдіс-тәсілдермен таныса отырып, тәжірибелерінде қолданады.

2. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың айырмашылығын, ерекшелішіг түсінеді.

3.Сабақтарында қалыптастырушы бағалауды тиімді пайдалана алады

Түйінді идеялар Сабақ қолдануға ыңғайлы сергіту сәттері мен әдіс-тәсілдерін ұғу.
Материалдар және ресурстар Ресурстар

 «Мен білімдімін» слайд, нұсқаулық…

Сабақтың барысы
Дөңгелек үстелдің өткізу этаптары Мерзімі  Мұғалімнің іс- әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеттері
Сәлемдесу

Мағынаны ашу

5 мин « Атомдар мен молекулалар» тренингі

Берілген әуен арқылы қимылдар жасайды. Әуен тоқтаған уақытта мұғалімнің нұсқауымен 3-еуден, 4-еуден, т.б. топтарға бөлініп, бірін-біріне жылулық сыйлайды.

«Түбір мен қосымша» тренингі арқылы кофе-брейктің негізгі мақсатын ашу және таныстыру.

Алдымен жаңартылған білім беру мазмұны туралы түсінік қалыптастырылады. Слайд көрсетіледі. Бүгінгі күннің жаңалығымен таныстырылады.

 Естіген әуендері бойынша қимылдарды қайталайды.

Түрлі қима қағаздарын таңдап алады.

Топқа бөлу 3 мин «Арқаға сурет салу» әдісі арқылы мұғалімдер өздері салған суреттердің ұқсастығына байланысты топқа бөлінеді. Суреттерді сала отырып, суретшілер тізбегін құрастырады. Сурет салу арқылы топтасады
Практикалық жұмыс 15 мин «Мен білімдімін» әдісі арқылы түрлі сұрақтарға жауап береді. Түрлі жағдаяттардан шығады. Бұл әдіс арқылы оқушылар өз ойларын еркін айтуға және бірлесе отырып жұмыс жасауға, тиянақтылыққа үйренеді.

«Бірдей сурет саламыз» тақырыбындағы жұмыс.

Қажет заттар таратылып, топ жұмыстанады.

Әр топ жұмыстанып болған соң, жұмыстарын жарнамалап, қорғайды.

Бірін-бірі бағалайды түрлі әдістермен бағалайды.

Топтық жұмысқа шоғырланады

Монеталар негізінде бірін-бірі бағалайды

Сергіту сәті 7 мин Бейнетаспадан көрген қимылдарын қайталау арқылы сергіп алады.  
Кері байланыс 5 мин  Қима қағаздары таратылады. Таратылған қима қағаздарына өздерінің алған әсерлерін жазады. Қатысушылар осы тренинг арқылы өз ойларын ортаға салады
Қорытындылау 5 мин «Менің көңіл-күйім» тренингі

Шарларға мимикалық смайл жүзін бейнелеп, өзіндік көңіл-күйді көрсетеді.

Шарларға мимикалық смайл жүзін бейнелеп, өзіндік көңіл-күйді көрсетеді.