Сымнан бұйымдар дайындау

11.02.2020 жылы технология пәнінің мұғалімі А.К.Айтбаевтың 5 “Ғ” класс ер балаларына “Сымнан бұйымдар дайындау” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты – оқушыларға іс жүзінде сымнан жасалатын бұйымдарды июді, бұйымдарды, бұйымдардың материалдарын, оны жасау құралдарын таныстыру; басқатырмаларды сымнан жасай білу, ізденімпаздық, шығармашылдық қабілеттерін дамыту; ұқыптылыққа, сақтыққа, тазалыққа, әсемдікке, батыл жылдам жұмыс жасауға, еңбекке тәрбиелеу.