Оқушыларды қоршаған әлемге махаббат пен қуаныш сыйлап

Оқушыларды қоршаған әлемге махаббат пен қуаныш сыйлап, сезімталдылық, мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, балаларды мейірімді болуға үйрету, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білуге тәрбиелеу және “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік ғылыми жобасының авторы – Сара Алпысқызының жобасын қолдау мақсатында 2020 жылдың 3 ақпан күні мектебімізде “Махаббат пен шығармашылық педагогикасы” атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Қалалық білім бөлімінің бас маманы Гулзия Тулемисовна мен қалалық білім бөлімінің әдіскері Роза Жумабековна ашылу салтанатының куәгері болды. Салтанатты іс-шара қонақтары құттықтау сөздері мен жылы лебіздерін білдірді.