“Кітап- білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы”

Мұғалжарлық ақын Н.Е. Ибраев мектебіміздің оқушыларымен кездесіп, сұхбат құрды. “Кітап- білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы” атты марафонының “Өнерімді еліме арнаймын” айдары аясында, ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндері орындалды. Оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, сыр сұхбат жүргізілді. Мектеп әкімшілігі естелік сыйлықтар табыс етіп, кеш қонағы болғаны үшін алғысын білдірді.