«ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ – ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДЕ» АТТЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында I, III ауысымда оқитын оқушылар үшін “Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде” тақырыбында класс аралық ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібі барысында: ✅Ата-аналар 2-тоқсанның білім сапасымен таныстырылып, пән мұғалімдері оқушылардың сабақ үлгерімі туралы қысқаша ақпарат берді; ✅ Класс жетекшілер ата-аналар алдында класс оқушыларының жеткен жетістіктері туралы мәлімет берді;
✅ Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылықтың, келеңсіз жағдайлардың алдын алу жағдайлары талқыланды; ✅ Баланың кітап оқу, оқуға деген ынтасын арттыру бойынша тиімді ұсыныстар жинақталды;
✅ Мектеп оқушылары үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайында ата-аналарға тезис жолданды; ✅ Зиянды әдет – СНЮСтың бала өміріне үлкен қауіп төндіретіні туралы ата-аналарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді; ✅ 9-10 кластар үшін мамандық таңдаудың маңыздылығы мен ондағы ата-ананың рөлі туралы пікір алысып, әрі қарай басқа да туындаған мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды. Сонымен қоса, мектепке смартфон, бағалы заттар, 200 теңгеден артық ақша әкелуге тыйым салынатыны туралы ата-аналарға қатаң ескертілді.

#60zhbbom #60zhbbom_live
#bilim_akimat 
#akimataktobe 
#obrazovanie_gorod_aktobe 
@bilim_akimat 
@aqtobe_oblysynyn_akimdigi 
@obrazovanie_gorod_aktobe 
@aqtobe_akimat 
@mavr.abdullin
@a_aryngazieva
@almaty_audany_akimdigi
@adilkereyauelbaev