Тәрбие отбасынан басталады.

Бүгін, 16 қарашада, №60 ЖББОМ-ДА 6, 7, 8 – кластар арасында ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралатын мәселелерге сәйкес, 2019-2020 оқу жылының І тоқсан қорытындысы қаралды. Ата-аналар оқушылардың сабақ үлгерімімен, білім сапасымен танысып, пән мұғалімдерімен жүздесті. Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, атап айтқанда, критериалды бағалау туралы түсіндірме жұмысын өткізді. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық секілді іс-әрекеттердің алдын алудың маңыздылығы талқыланып, ата-аналар осы тақырып бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Оқушылардың жол ережесін сақтаудың маңыздылығы, өмір қауіпсіздігі туралы да мәселе көтерілді. Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балалардың сырт киімдері мен сөмкелеріне жарық шағылыстыратын жолақтарды тігу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, ата-аналарға мектептен тыс қоғамдық орындарда, оқушылар арасында туған күндерін және басқа да мерекелерді атап өтуге тыйым салынатындығы ескертілді. Ата-аналар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауда белсенділік танытып, жиналыс жоғары дәрежеде өтті.
1)92%- 8 Д, 7 Г;
2) 90% – 8 В, 6 Д;
3) 86% – 6 З;
4) 83%- 7 А, 6 Ж;
5) 80% – 6 А;
6) 79% – 6 Е;
7) 78% – 6 В;
8) 76% – 7 Б;
9) 72% – 7 Д;
10)70% – 6 И.
#60жббом
#60zhbbom_live