Жас мамандарға әдістемелік көмек.

Мектебімізде болашағынан үлкен үміт күттіретін жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеу жолында өз тәжірибелерін шыңдап келе жатқан жас мамандарды тәжірибесі мол тәлімгер-ұстаздар кәсіби даму жолында бақылап, әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Соның нәтижесінде, жас мамандар оқушыларға сабақ беру барысында шыңдалып, ерекше әдіс-тәсілдер арқылы сабақ берумен қатар, түрлі ойындар ұйымдастырып, жақсы жетістіктерге де жетіп келеді. Директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары И.С.Мураталиева жас мамандардың жарты жылдық жұмыс нәтижелерімен танысу мақсатында қатысқан 1″Б”класс жетекшісі -Нағи Г., 1″З”класс жетекшісі- Муса Г., 1″Ғ” класс жетекшісі- Жақсыбай Г., 2″И”класс жетекшісі- Күлімбет Ф., 2″С” класс жетекшісі – Еристанова Г., 2″ К” класс жетекшісі – Шамшадин Е., 2″З” класс жетекшісі- Әбдіғазизқызы Л., 2″Е” класс жетекшісі- Рамазанова Н. кластарының оқушылары өз белсенділіктерін көрсетіп, тапсырма орындау барысында ынталарының жоғары екендігін танытқан. Жас мамандарға шыдамдылық пен шығармашылық табыстар тілейміз!