Айналаны түгел қар басқан.

Кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Айналаны түгел қар басқан. Жердің бетін басқан ақ ұлпа қар айналаға сән бергенімен, қардың қалыңдығы қозғалысты қиындататыны анық. Сол себепті, бүгін, 6 желтоқсанда, мектеп басшысы А.А.Тажимишев бастаған мектептің ер мұғалімдері қажетті құрал-жабдықтармен сайланып, мектеп ауласын қардан тазартуға шықты. Қысқа уақыт ішінде мектеп ауласы бірлескен күштің арқасында тазартылып, серпіле түскендей. Ер мұғалімдерге өз ризашылығымызды білдіреміз!