Оқушылар «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында №60 ЖББОМ-да 5 және 2 класс оқушыларын Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан” және “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. “Жас Ұлан” ұйымы – Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған, өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелейтін бірегей ұйым. Салтанатты қабылдау шарасы барысында ұйымға қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жоғары класс оқушылары жас ұландықтар мен жас қырандықтарға арнайы галстук пен төсбелгі тақты. Шара соңында мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Д.Н.Кудайбергенов пен М.Б.Турганбаева ұйымға қабылданған оқушыларды құттықтап, тек биіктерден көрінулеріне тілектестіктерін жеткізді.
#60zhbbom
#60zhbbom_live