Күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды

2019 жылдың 21 қарашасында #60ЖББОМ-да 1-2 кластар арасында ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды:
1. 2019-2020 оқу жылының бірінші тоқсанын қорытындылау. Бірінші тоқсан бойынша ата-аналарды оқушылардың үлгерімімен таныстыру және пән мұғалімдерінен қысқаша ақпарат.
2. Критериалды бағалау туралы не білеміз? Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасындағы ерекшеліктер мен өзгерістер туралы класс жетекшілердің түсіндірме жұмысы.
3. Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – адамзаттың қас жауы. Класс жетекші мен ата-аналардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық іс-әрекетті талқылауы.
4. Жол ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Осыған байланысты ата-аналарға балалардың сырт киімдері мен сөмкелеріне жарық шағылыстыратын жолақшалар тігу туралы нұсқаулықпен таныстыруы.
5. Оқушылардың қоғамдық орындарда, мектептен тыс жерлерде туған күндерін және басқа да мерекелерін атап өтуіне тыйым салу туралы. Осы мәселе бойынша ата-аналармен пікір алмасу жұмыстары.
6. Әртүрлі мәселер.
7. Кері байланыс.
8. Ата-аналар жиналысын қорытындылау.
Ата-аналар жиналысының қатысымы бойынша жоғары пайыз көрсеткен кластар:
1-кластар: 
100%- А,Ә;
96,5%- Д;
96%- К;
95% – Ж;
91,3%- Ө;
90%- Қ;
89%- Л;
88%- Т;
87%- О;
86%- И.
2-кластар:
100%- Б,Г;
96%- А;
93%- Е, В;
92%- И,К;
90%- З;
89%- Ө, Қ;
86%- Д, Т;
83%- Ғ;
82%- О;
78%- П..
#60zhbbom
#60zhbbom_live