Біздің ата-аналарымыз !

2019 жылдың 26 қазан күні «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ «2019-2020 оқу жылының ең үздік ата-аналар комитеті» байқау-марафоны басталған болатын. Марафонның жалғасы ретінде 29 – 30.12.19 ж. ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ күніне орай “Үздік ата-аналар комитеті” байқау-марафонының ережесі негізінде ата-аналар арасында “МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН” атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқау бойынша 65 қатысушының1-легі бүгін сахна төрінде өз өнерлерін паш етті. Әр класс ата-аналары, әжелер, аталар патриоттық әндер тақырыбында, атап айтсақ, Елбасымыз туралы, еңселі Елордамыз – Нұр-Сұлтан жайлы, туған жер, ауыл, Отан туралы әндер шырқалып, салт-дәстүрлерден үзінді, балалардың оқу-спорт-өнер жетістіктері көрсетіліп, топтық(ұжымдық) хорлар жоғары деңгейде орындалды. Халық жүрегінен орын тапқан, жұртшылыққа танымал әндер мен қазіргі заманғы патриоттық әндер де шырқау шыңына жеткізіле шырқалды. Қатысушылардың сахна мәдениеті, ән таңдауы, креативтілік шеберлігін ескере отырып, мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес, жалпы мектептік ата-аналар, кәсіподақ комитеті төраға/төрайамдарынан құралған әділ-қазылар алқасы өз бағаларын берді. Мерекелік іс-шараны тамашалауға келген Нұр Ақтөбе ауданының тұрғындары мен мектеп ұжымының көңілдері көтеріліп, бойларына күш құйылғандай рухтанып тарқасты.
#60zhbbom
#60zhbbom_live