Педагогикалық кеңес — педагогикалық ұжым үшін жауапты алқалы орган

2019 жылдың 31 қазан күні #60 ЖББОМ ұжым мүшелеріне кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте мектеп директоры А.А.Тажимишев алғашқы сөз кезегін алып, өткен педагогикалық кеңесте қабылданған қаулылардың орындалуына тоқталды. Ұжым мүшелері күн тәртібіне сәйкес 1-тоқсан қорытындысымен таныстырылып, мектеп басшысы білім сапасын көтеру бойынша класс жетекшілерге бірқатар тапсырмалар жүктеді. Оқушылар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстары, оқушыларды бюджет қаражаты есебінен тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы, әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасынан шыққан білім алушылар тізімі талқыланып, бекітілді.
Кәсіби қызметтегі табыстары мен ерекше жетістіктері еленіп, құрмет тақтасынан орын алған мектеп мұғалімдері мен қызметкерлеріне ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫНЫҢ куәлігі табысталды. Сонымен қатар, ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ туралы ереже қайта қаралып, өзгерістер енгізілді. Күн тәртібіндегі аталған мәселелер жан-жақты талқыға түсіп, ұсыныстар мен пікірлер ескеріле отырып, қаулы қабылданды.
#60zhbbom #60zhbbom_live