Баланың бас ұстазы — ата-ана.

Бүгін, 8 қазан күні мектебімізде “Тәртіп пен қауіпсіздік – мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің басты талабы” тақырыбында 2019-2020 оқу жылындағы І жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында 2019-2020 оқу жылына жалпы мектептік ата-аналар комитеті мүшелерін сайлау;
2016-2017, 2017-2018, 2018-2019 оқу жылдары бойынша мектеп директорының 3 жылдық қоғамдық есебі (публичный отчет);
оқушылардың жол қауіпсіздігі ережесі;
оқушылар арасындағы девиантты мінез-құлық және құқық бұзушылықтың алдын алу сияқты мәселелер қаралып, ата-аналармен, полиция қызметкерлерімен бірге талқыланды.
“Мектеп пен ата-ананың тілдескені – оқу мен тәрбиенің үндескені”,-демекші, мектеп пен ата-аналар қоғамдастығының бірлескен жиналыстарынан қалмай, бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарайтын ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтамыз.