Қасымов Жандос Қуанышұлы

Ақтөбе облысының Байғанин ауданының Жарқамыс ауылында 1987 жылы туылған. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының №38 орта мектебінде «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі ретінде бастаған (2008-2012ж.ж.); Ақтөбе қаласындағы «№45 орта мектеп» ММ-де дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі (2012-2016ж.ж.); №60 жалпы білім беретін орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып қызмет етті (ж.ж.).

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.